• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Маңғыстау – мүмкіндіктер мекені»: Жастарды дамыту тұжырымдамасы әзірленді

21 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Қарақия ауданындағы Құрық кентіне барып, «Аксон мед» оңалту орталығы мен жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі.

Қарақия облыстық жастар ресурстық орталығы 1975 жылы салынған ғимаратта отыр. Онда жастарға жағдай жасалмаған.

Облыс әкімімен кездесуде Қарақия жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Оразбек ескі ғимаратты жөндеуден өткізіп, жастар орталығының балансына беруді ұсынды. Сонымен қатар Жетібай ауылында жастар орталығын ашу қажеттігін айтты.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

– Барлық аудандағы жастар орталықтарының жеке ғимараты болуы керек. Мұндай алаңдар жастарға қызықты болуы керек, сонда ғана олар пікір алмасып, жаңа білім алып, идеялар мен жобаларды іске асыра алады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады. Осыны негізге ала отырып, Қарақия ауданындағы жастар орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Жауапты басқарма басшылары жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауы қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

Былтыр жастардың бастамаларын қолдауға 125 миллион теңге бөлінді.

Ал 2023 жылға 270 миллион теңге қарастырылып, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Маңғыстау – мүмкіндіктер мекені» тұжырымдамасы әзірленді. Соның аясында маңғыстаулық жастарға арналған жобалар мен бағдарламалар қаржыландырылып, әлеуметтік-кәсіпкерлік мақсатта қайтарымсыз гранттар беріледі. Сонымен қатар отандық және шетелдік тағылымдамадан өту және тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың алдын алу, жас көшбасшыларды даярлау бойынша жоспар бекітілді.

Нұрлан Ноғаев жастармен кездесуден соң 2021 жылы ашылған «Аксон Мед» оңалту орталығының қызметімен танысты. Мұнда күрделі операциялардан кейін және жүйке жүйесі, бел омыртқасы аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған науқастар келіп, тегін оңалту қызметін ала алады. Орталықта магниттік терапия кабинеттері, тұз шахтасы, массаж және т.б. ем шаралары жүргізіледі. Жалпы оңалту орталығының 150-200 шақты науқасты қабылдауға мүмкіндігі бар. Қазір 50 адам ем қабылдап жатыр.

  • 24.02.2023
  • 221
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика