• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылсай ауылында тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету үшін ғимарат салу жоспарлануда

Қызылсай ауылында жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы үшін коммуналдық қызметтер шоғырланатын нысан салу жоспарлануда. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев ауыл тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

22 ақпан күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылына барып, елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Жиынға Жаңаөзен қаласының және Қызылсай ауылының әкімі, жауапты қызмет органдарының басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.

Алдымен, Қызылсай ауылының әкімі Расул Абишаев өткен жылдың қорытындылары және елді мекенді одан әрі дамыту жоспары туралы баяндады. Өткен жылы ауылда жұмыссыздық бойынша есепте 515 адам болған. Биыл 272 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік маңызды нысандарды жөндеуге көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратында үш рет жөндеу жүргізілді. Мұнда жедел жәрдем қызметінің жұмысы үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Қызылсай ауылында барлығы 7500 адам тұрады.

Облыс әкімнің бірінші орынбасарымен кездесуге келген ауыл тұрғындары азық-түлік бағасының өсуі, білім және медицина саласындағы кадрлардың тапшылығы, жолдардың жай-күйі және ұялы байланыс сапасына қатысты сұрақтар қойды.

Тұрғындар жануарлардың ауруларын зерттеу бойынша арнайы зертхана, сондай-ақ, ат спортын дамыту үшін ипподром ашуды ұсынды. Сонымен қатар, Қызылсай-Сайөтес жолын қайта жаңарту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары коммуналдық қызметтердің өз ғимараты жоқ екенін айтып, бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет көрсету проблемаларына алып келетінін айтты.

-Бұл мәселені шешу үшін газ, энергетика, коммуналдық мекемелердің қызметкерлеріне арналған ғимарат салу мәселесін қарастыру қажет. Халыққа ыңғайлы болу үшін кез келген қызмет көрсету бір жерде шоғырлануы тиіс, - деді Жұмабай Қарағаев.

Жиыннан кейін Жұмабай Қарағаев азаматтарды жеке қабылдады.

  • 27.02.2023
  • 179
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика