• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және ACWA Power арасында ЖЭК ірі жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды

2023 жылғы 1 наурызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиевпен бірге Эр-Рияд қаласына (Сауд Арабиясы корольдігі) жұмыс сапарымен барды.

 

Қазақстандық делегация Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі ханзада Abdulaziz bin Salman Al-Saud және «Saudi Aramco», «SABIC» және «ACWA Power» сияқты ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

 

Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ACWA Power» арасында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаны іске асыру қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

 

Қол қойылған келісім Жетісу (Жоңғар қақпасы) облысында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған, құрылысты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

 

Жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар тартуға, сондай-ақ елде «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Сондай-ақ кездесу шеңберінде мұнай-газ және мұнай-газ-химиясы жобаларын іске асыру және дамыту, оның ішінде ЖЭК-ті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен перспективалық бағыттарды айқындай отырып, ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарауға уағдаласты.

 

Сондай-ақ 2022 жылғы 24 шілдеде Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілгенін еске саламыз. Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі мен ACWA Power арасында электр энергетикасы мен ЖЭК дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

  • 02.03.2023
  • 225
Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика