- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Түркия еліне көмекке барған құтқарушылар да алғыссыз қалмады
Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Көкшетаудағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде Түркия Республикасының аумағындағы жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарында батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алғыс айту күніне орайластырылған шараның куәсі болды.
−Төтенше жағдайлар қызметкерлері еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында табысты еңбек атқарып келеді. Адам өмірін сақтау үлкен жауапкершілік күрделі де құрметті жұмыс. Мемлекет басшысы өзінің жұмыс сапары кезінде біздің өңірдегі республиканың жалғыз ведомстволық оқу орны – азаматтық қорғау академиясына барғаны өте маңызды шара болды. Президент материалдық-техникалық базаны жаңғырту бойынша ұсынысымызды қолдады. Атап айтқанда, жатақхана мен жаңа оқу корпусын салуды жөн деп санады. Академия Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдулиннің есімін мақтанышпен биік ұстап келеді. Азаматтық қорғау саласында алты мыңға аса кәсіби мамандарды түлетіп шығарды. Бұл біздің Отанымыздың батыл құтқарушылары болып табылады. Бейбіт уақыттағы қаза тапқан батырларды еске алу қазақтандықтардың жүрегінде мәңгі қалады. Бұл ретте, Баярлы Хабинов, Евгений Ефремовесімді батырлар өздерінің батылдығы арқасында көптеген адамдардың өмірін сақтап қалғанын атап өткім келеді, −деді облыс әкімі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша құтқарушылар 3 мыңнан астам жылдам әрекет ету шараларын іске асырды, онда 244 адам құтқарылып, жарақат алған 163 адамға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Зеренді, Бурабай аудандары және Қостанай облысында орын алған ірі өрт ошақтарын жоюға ат салысты.Өңір басшысы Түркия Республикасындағы құтқару жұмыстарына қатысқан ақмолалық қыметкерлердің қайсарлығы мен батылдығын атап өтті.
−Ақмола облысының құтқарушылары тек ел аумағында ғана емес, басқа мемлекеттерде де құтқару операцияларына қатысады. Ақпан айының басында олар Түркиядағы жойқын жер сілкінісі аймағында құтқару жұмыстарын жүргізуге ат салысты. Он екі күн бойы біздің құтқарушыларымыз зардап шеккендерге көмек көрсетті. Сапар қорытындысы бойынша Түркия Республикасындағы төтенше жағдай кезінде қызметтік борышын орындауда көрсеткен ерлігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен екінші дәрежелі Айбын орденімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы АйдынЖоламанов жәнеҚазақстан Республикасының Құрмет грамотасыменоблыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушысы Наурыз Қаппасов марапатталды. Сондай-ақ, басқа да құтқарушылар Президенттің алғысын алды, −деді Ермек Маржықпаев.
−Адам құтақару барысында бұл мамандықты өз еркімізбен таңдадық. Жақында ғана бауырлас Түркия еліне барып, борышымызды атқарып келдік.Онда біз жоғары кәсібилік пен жеделдік көрсете отырып, өз міндетімізді абыроймен атқардық. Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің басшылығына бізге сенім білдіріп, қауіп-қатердің ортасында қабілетімізді көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, − деді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айдын Жоламанов жауап сөзінде.
Салтанатты шара соңында Түркия елінде құтқару операциясына қатысқан қызметкерлерді облыс әкімінің хаттарымен марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
- 03.03.2023
- 188