• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Дәріхананың жетіспеуі, су құдығын бұрғылау: өңір басшысы Маңғыстау ауданындағы үш ауылдың тұрғындарымен кездесті

2 наурызда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарының екінші күні Тұщыбек, Жыңғылды, Шайыр ауылдарына барып, тұрғындардың сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 500-ге жуық тұрғыны бар Тұщыбек ауылында болды. Ауылда мектеп, балабақша, фельдшерлік пункт бар. Ауыл мектебі 2005 жылы салынған, мұнда 82 оқушы оқиды, 19 мұғалім жұмыс істейді.

Десе де жиын барысында ауыл тұрғындары мектепке 160 орындық қосымша ғимарат салу қажеттігін айтты. Ауыл әкімі Еркін Қалдығұловтың айтуынша, мектептегі орын тапшылығын жою үшін кеңейту құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Аймақ басшысы жауапты мамандарға мектептегі жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар Тұщыбек ауылының тұрғындары жедел жәрдем қызметін жақсартуды, дәріхана ашуды, жол салуды сұрады. Туризмді дамыту және азық-түлік бағасына қатысты да бірқатар сұрақ қойды.

Содан соң Нұрлан Ноғаев 3 мыңға жуық тұрғыны бар Жыңғылды ауылында болды.

Ауыл тұрғындары газ, жарық, сумен толық қамтамасыз етілген. Былтыр 2,5 шақырым МРЭК электр желісінің сымдары ауыстырылды. Сонымен қатар ауылішілік 5,1 шақырым жол төселді. Интернеттің сапасын арттыру мәселесі де қолға алынған. Атап айтқанда, «Хайпер-Оптика» мекемесінің көмегімен «Транстелеком» арқылы 86 үйге сымсыз Wi-FI орнатылды.

Жыңғылды ауылында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша мониторингтік топ жұмыс істейді. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермеу үшін 7 азық-түлік дүкенімен келісім жасалған.

Облыс әкімімен кездесуге келген ауыл тұрғындары халықты жұмыспен қамту, заманауи мәдениет үйін салу, нөсер жауын салдарынан бұзылған көпірді қалпына келтіру мәселелерін көтерді.

Түстен кейін Нұрлан Ноғаев 1700-ге жуық тұрғыны бар Шайыр ауылында болды.

Ауыл әкімі Ғани Тәжиевтің айтуынша, 2022 жылы Шайыр ауылына қарасты Тиген және Тасмұрын елді мекендерінде су тұшыту қондырғысы орнатылған. Биыл қондырғы іске қосылса, Тиген және Тасмұрын елді мекендері толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Ауылда дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, қосымша дәріхана ашу мәселесі де айтылды.

Шайырлықтар жұмыспен қамту, жүн өңдеу, мал өткелін салу және жем-шөп бағасын арзандатуға қатысты мәселелерді сөз етті.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев айтылған мәселелердің барлығы ескеріліп, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Облыс әкімі ең бірінші кезекте халықты қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салатынын тілге тиек етті.

– Бірінші мәселе газ емес, жол да емес, басты мәселе - ауыз сумен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы 2023-2025 жылдары барлық ауыл, соның ішінде шағын елді мекендерді ауыз сумен қамтуды тапсырды. Облыста жер асты суының қоры бар: Тасмұрын, Тиген, Төңірекшың, Сауысқан, Түйесу, Құйылыс. Сумен қамтамасыз етудің баламалы көздерін пайдалану мал шаруашылығын дамытуға және егін өнімін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар су ресурстарын үнемді пайдаланудың маңыздылығын түсінуіміз қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау ауданында ауыл шаруашылығына қажетті 341 иесіз құдық мемлекет балансына өтті. Келесі жылы тағы 89 иесіз құдықты мемлекет балансына алу жоспарланып отыр.

  • 03.03.2023
  • 187
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика