• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Лондонда «Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар бойынша форум 2023» өтті

2023 жылғы 2-3 наурызда Лондон қаласында (Ұлыбритания) «Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форум 2023» өтті, оның шеңберінде қатысушылар энергетикалық қауіпсіздік, декарбонизация және экономикалық өсудің өзара байланысты мәселелерін талқылады.

 

Форумды Орталық Азия елдерінің үкіметтері, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің үкіметі және Дүниежүзілік банк бірлесіп ұйымдастырды. Форумның мақсаты өңірлік электр энергиясы саудасының неғұрлым тиімді тетіктерін дамыту, өңірлік ынтымақтастықты жақсарту және көміртекті-бейтарап экономикаға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірілген іс-қимылдарды айқындау болып табылады.

 

Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикалары премьер-министрлерінің орынбасарлары мен министрлері, Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшының орынбасары (Ұлыбритания), сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

 

Қазақстан делегациясының құрамына ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен елдің жетекші энергетикалық ұйымдарының өкілдері кірді.

 

Орталық Азия елдері табиғи ресурстардың қомақты қорларына және таза энергия көздеріне көшу есебінен тұрақты энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін қажетті тәжірибеге ие. Өңір елдерінің үкіметтері энергетика секторындағы ынтымақтастықты, сауданы және инвестицияларды дамыту жөніндегі шұғыл шаралардың қажеттілігін мойындайды. Көптеген Орталық Азия елдерінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) неғұрлым ауқымды пайдалануға ықпал ететін реформалар жүзеге асырылуда.

 

«Қолайлы инвестициялық жағдай жасай отырып, Орталық Азия елдері энергетиканы дамыту үшін «жасыл» экономикалық өсімнің қозғалтқышына айналу үшін қомақты қаржы тарта алады. Инвесторларды тарту және таза энергия көздеріне көшудің жалпы шығындарын азайту мақсатында әрбір ел ЖЭК пайдалануды кеңейтуге және елдер арасындағы электр энергиясы саудасының сенімділігіне қатысты инвесторлардың сенімін нығайтуға бағытталған реформаларды жеделдетуі қажет»,- деп бөлісті Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы инфрақұрылым мәселелері жөніндегі директоры Чарльз Кормье.

 

Сондай-ақ, форум барысында Орталық Азия елдерінің өкілдері әлеуетті жеке инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын өңірдің энергетика секторындағы инвестициялық мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы хабардар етті.

 

«Қазақстан Республикасы әлемнің энергетика секторындағы елеулі өзгерістердің алдында тұрғанын түсіне отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық келісімдер шеңберінде өзіне міндеттемелер алды. Осыған байланысты еліміз ЖЭК-ті дамытуға бағытталған белсенді қадамдар жасауда», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

 

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР Энергетика вице-министрі ағымдағы жағдай туралы және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы айтты.

 

Бұл форум электр энергиясын сату тетіктерін талқылауға мүмкіндік берді, ЖЭК саласындағы инновациялық жобалармен танысуға, сондай-ақ инвесторлар қауымдастығымен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ағымдағы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ энергетика секторын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады.

  • 06.03.2023
  • 183
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика