• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Энергетика министрлігі: Ақтөбе облысы 93,6%-ға газдандырылған

2023 жылғы 6 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде өңірді газдандыру деңгейі 93,6 % құрайтынын немесе 869 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізгенін хабарлады.

 

2022 жылы Энергетика министрлігінің  бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 16 жобаны іске асыруға 6,1 млрд.тг. бөлінді, оның ішінде 7 жоба аяқталды. Тиісінше 4,4 мың адам тұратын 7 елді мекен (Құттыкөл, Жарсай, Терісаққан, Сарат, Үшқатты, Алтықарасу, Жаңаталап) табиғи газға қол жеткізді.

 

2023 жылы 7 жобаны іске асыруға 6,7 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған, оның ішінде ағымдағы жылдың өзінде 4 жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 4 елді мекенді (Аманкөл, Байтұрасай, Қаратаусай, Мұғалжар ауылдары) немесе 3 мыңнан астам адамды табиғи газға қосуға мүмкіндік береді.

 

ҚР Энергетика вице-министрінің ақпараты бойынша мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары  шамамен 153,6 млрд. текше метрді құрайды.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және күрделі жобаларды әзірлеуге қосымша инвестициялар тарту, жағдайлар жасау үшін жаңа тетік – күрделі мұнай-газ жобалары үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды көздейтін жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілді.

 

ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыру, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестиция салу үшін газ сатып алудың жаңа формуласын әзірледі.

 

2022 жылы Ақтөбе облысында орналасқан 19 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтті: 8 жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасалды, 4 жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу күтілуде. Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялар – 38,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

 

Сонымен қатар, ҚР Энергетика вице-министрі сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті, бұл 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн.тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға ұлғайды.). Өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты СМГ өндірісі 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.

 

Бұл ретте Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литр үшін 50-ден 70 теңгеге дейінгі деңгейде. Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда  сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Ақтөбе облысы үшін оның бағасы 1 литр үшін 50-55 теңгені құрайды.

 

Өңірде 3 газ толтыру станциясы және 196 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыста СМГ тұтыну 2022 жылы 154,5 мың тоннаны, 2023 жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде – 26  мың тоннаны құрады.

2023 жылы сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша Заң қабылданады деп күтілуде. Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

  • 06.03.2023
  • 217
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика