- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрлан Ноғаевқа Құрық портындағы астық терминалының құрылысы баяндалды
6 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Kaspi Grain Way» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кәсіпорын Құрық портында астық терминалының құрылысын салып жатыр, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда астық терминалы құрылысының 80 %-ы аяқталып тұр. Қуаттылығы 1 млн тонна астық терминалы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайды. Электр желілері тартылып, теміржол құрылысы аяқталғаннан кейін 2023 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жоба іске асса, 30 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік болады.
– Астық терминалы облыс үшін өте маңызды, осыған байланысты жобаны іске асыру барысында кедергілердің болмауын қамтамасыз ету қажет. Қандай да бір мәселе туындаса, жауапты мамандар қолданыстағы заңнама аясында жедел шара қолдануы керек. Терминалдың іске қосылуы көліктік бағыттың бәсекеге қабілеттілігін, жүк айналымын, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жақсартуға септігін тигізеді. Бұл еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырып, отандық шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев.
Сондай-ақ жиында аймақ басшысы Бейнеудегі астық терминалының жай-күйін талқылады.
- 07.03.2023
- 173