• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2023 жылы Мұнайлы ауданында 500 «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылады

10 наурызда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев 38 мыңға жуық тұрғыны бар Басқұдық ауылында болды. 2022 жылмен салыстырғанда халық саны 3,25%-ға өскен. Ауылдық округте 2 денсаулық сақтау ұйымы, 5 мектеп, 19 балабақша бар.

Басқұдық ауылдық округінің әкімі Жамбыл Құрмановтың айтуынша, ауылда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді: мұнда 886 кәсіпкерлік нысан халыққа қызмет көрсетеді. 2022 жылы шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны 34,4%-ға артты. Білім, медицина, сауда, өндіріс салаларында 56 кәсіпкерлік нысаны ашылған.

Жиында аудан әкімі Ержан Күмісқалиев 2022 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде 200 камера «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосылады. Ал қалған 300 бейнебақылау камерасы арқылы Мұнайлы ауданында жедел басқаруға арналған шағын орталық ашылады. Жүйені толық іске қосу 2023 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Облыс әкімімен кездесуге келгендер заманауи теміржол вокзалы құрылысы, көшелерді жарықтандыру, қаңғыбас иттерді аулауға қатысты сұрақтарын қойды. Сонымен қатар аудан тұрғындарының басым бөлігін ауыз сумен қамту мәселесі алаңдатып отыр.

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа жұмыс сапары барысында бірінші кезекте халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.  Бұл мәселені шешу үшін МАЭК-ке қуаттылығы тәулігіне 24 мың текше метр су тұшыту қондырғысын орнатпақ.  Сондай-ақ, Құйылыс жер асты су кен орнының құбырының тозған, ауыстыруды қажет етеді. Қазір құбыр арқылы тәулігіне 25 мың текше метр су беріп тұр. Бұл МАЭК-ке де, Ақтаудағы су тұщыту зауытына да жетпейді. Сондықтан жалпы қуаттылығы 46 мың текше метр болатын тағы 47 шақырым су құбырын тарту қажет. Бұл жұмыстарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаражат бөлінді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде ауыз су тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл мәселе тұрақты бақылауымызда болады, - деді Нұрлан Ноғаев.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев азаматтарды жеке қабылдады.

  • 13.03.2023
  • 141
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика