• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаудағы Отпан тауында он мыңнан астам адам Амал мерекесін тойлады

14 наурызда Қазақстанның батыс аймағында Амал мерекесі “Көрісу күні”тойланады.  Дәстүр бойынша Отпан тауында бабалар рухына бірлік оты жағылды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды және Маңғыстаудағы "Ұлыстың ұлы күні" мерекесімен танысуға келген шет елдік қонақтарды құттықтады, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Амал мерекесі жыл өткен сайын танымал болып келеді. «Отпан Тау» тарихи-мәдени кешенінде Түркия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген қонақтарды қосқанда 10 мыңнан астам адамның қатысуымен Амал мерекесі тойланды.

Қонақтарды қарсы алып, мерекемен құттықтауға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекет және қоғам қайраткері Ерлан Қошанов, айтыскер ақын Аманжол Алтай, Ринат Зайытов, сондай-ақ биыл мерекені ұйымдастырушылардың бірі – «Тобыш – атаның» ұрпағы Қалнияз Оңдабаев келді.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев 14 наурыз бірлікті, мейірімділікті, татулық пен ынтымақты білдіретін күнге айналғанын атап өтті.

 – Кеңінен тойланатын Амал мерекесі халық бірлігінің символына айналды.  Бүгінде маңғыстаулықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген мәртебелі меймандар да бізбен бірігуде.  Түркиядан, Әзербайжаннан, Өзбекстаннан келген ғалымдар мен көрнекті қайраткерлер мәдениетіміздің алуан түрлілігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел ежелден бұл күнді асыға күтеді, ал бірлік пен келісімге шақыратын мереке халқымыздың дәстүрлі жауапкершілігінің жарқын көрінісі, - деді Нұрлан Ноғаев.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ерлан Қошанов та барша маңғыстаулыққа алғыс айтып, Амал мерекесімен құттықтады.

 – Бұл күндері ескі реніштерді кешіру, өзгеге мейірімділік таныту әдетке айналған. Баршаңызға ұзақ ғұмыр, амандық, мызғымас бірлік, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп тілеймін, – деді Ерлан Қошанов.

Мереке үшін киіз үйлер тігіліп, барлық қонаққа дәстүрлі тағамдар ұсынылды.  Жиналған халық концерттік бағдарламадан бөлек, ат бәйгесін, қазақ күресі мен ұлттық спорттың басқа да түрлерін тамашалады. Сонымен қатар Амал мерекесіне орай халықаралық конференция өтті. Конференцияға Әзербайжан, Түркия, Өзбекстаннан келген ғалым-тарихшылар белсенді қатысты.

Конференция мерекені өткізудің ерекшеліктеріне негізделді, ғалымдар түркі елдеріндегі Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлеріне тоқталды.
Мұхаммед Физули атындағы Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы қолжазбалар институтының ғылыми қызметкері, доцент және профессор Незакет Меммедли Наурыз мейрамы әзербайжан халқының ең көне, ең сүйікті мерекелердің бірі екенін айтты. Оның айтуынша, Наурыз мерекесінің ерекшелігі – жанып тұрған оттың үстінен секіру. Оттан секіру арқылы барлық жамандық пен сәтсіздік жойылады деп сенген. Сондай-ақ олар мерекеде тұрғындар ән айтып, халық аспаптарында ойнайды.

Түркиядағы «Байрам Вели» университеті және «Қажы Бекташ Вели» зерттеу орталығының директоры Ахмет Ташғын Амал мерекесі «қайдан шықты, не үшін ойлап табылды?» деген сұрақтар төңірегінде толғанғанын атап өтті.

 – Мерекенің тарихын зерттей келе, түрік пен қазақ мәдениеті өте ұқсас деген қорытынды жасауға болады.  Жаһандану үрдісі кейбір ұлттық дәстүрлерімізді жойып жатқандай. Біздің міндетіміз – барлық ұлттық құндылығымызды жас ұрпаққа жеткізу, – дейді профессор Ахмет Ташғын.

Амал мерекесі аясында «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Адай ата рухына құран бағыштау рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында Тобыш ата ұрпақтары Мұңал ата ұрпақтарына дәстүрлі бірлік алауын табыстады.

  • 15.03.2023
  • 183
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика