• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтау жанындағы тұрғын үй массивтері орталық кәрізге қосылады

15 наурызда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Өмірзақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өмірзақ ауылында жеті мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауыл төрт елді мекенге бөлінген: Өмірзақ, Приморский, Рауан және Приозерный.

Өмірзақ ауылын дамытуда тұрғындарды орталықтандырылған коммуникациямен қамтамасыз ету мәселесі маңызды.

Өмірзақтағы төрт тұрғын массиві орталықтандырылған коммуникациялармен, оның ішінде су бұру (кәріз) жүйесін қоспағанда, сумен, газбен, электрмен жабдықталған.  Тек Приморский тұрғын массиві орталықтандырылған кәріз желілерімен қамтамасыз етілген.

Өмірзақ ауылының су бұру желілерін магистральдық желіге қосу үшін жоба әзірленді. Қазір келісу сатысында тұр. Мақұлдау рәсімі мен сараптамадан өткеннен кейін жоба орындалады.  Осылайша, Өмірзақ ауылындағы барлық үй орталық кәріз жүйесіне қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар қоғамдық көліктің жұмысына көңілі толмайтынын тілге тиек еткен. Яғни, аялдамалардың жоқтығы мен қозғалыс аралықтары сақталмайды. Осыған байланысты автобустар мен аялдамалар санын көбейту жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысының әкімі автобус паркін жаңарту қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасы арқылы іске асып, отандық автобустармен толығатынын атап өтті.

 – Өздеріңіз білесіздер, біз автобус паркін жаңартуды бастадық. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. 2023 жылдың соңына дейін «Каспий» ӘКК қолдауымен қалалық және аудандық бағыттар үшін 120 ыңғайлы автобус сатып алынады. Бұл жолаушылар тасымалының жағдайын жақсартуға септігін тигізетініне сенімдімін. Жаңа автобустар бейнебақылау, мультимедиялық панель, жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған қондырғылармен жабдықталады. Сонымен қатар жол апатын болдырмау үшін жүргізушіге көмектесетін интеллектуалды жүйе бар.  Жолаушылардың қауіпсіздігі - бірінші орында, - деді  Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, жиын барысында ауыл тұрғындары экология мәселесін де көтерді. Сондай-ақ дәрігерлердің жетіспеушілігі, абаттандыру, қоқыс шығару, көлік тұрақтарының жоқтығы, бақылаусыз мал бағуға шағымданды.

Халықпен кездесу аяқталғаннан соң аймақ басшысы азаматтарды жеке қабылдады.

  • 16.03.2023
  • 188
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика