• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А.ж. 1 сәуірінен бастап Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның тұтынушылары үшін газ тарифі 17%-ға дейін төмендетілді

Бұған дейін, Алматы облысының Қарасай ауданы тұрғындарының тауарлық газға бөлшек саудада өткізудің жоғары бағалары қатысты «Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның іс-әрекеттеріне шағымдары аясында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде аталған субъектінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізгені хабарланған болатын.

Аталған тексеріс барысында, ТМРКД тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтердің негізділігін, сондай-ақ тұтынушылар үшін тауарлық газды сатуға арналған бөлшек бағалардың баға белгілеу тәртібінің сақталуын тексерді.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша, ТМРКД «Сигма-ГАЗ» ЖШС-на жалпы сомасы 2 млн.теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге ұсыныс берді.

Осылайша, ағымдағы жылдың ақпан айында «Сигма-ГАЗ» ЖШС ТМРКД-ға газ тасымалдау тарифін және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасын қайта қарауға өтінімдер ұсынды, олар бойынша наурыз айының басында барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді.

«Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның өтінімдердегі шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде, Алматы облысы бойынша ТМРКД 2023 жылғы 10 наурызда тауарлық газды газ тарату құбырлары арқылы тасымалдауға арналған тарифті 1000м3 үшін 7 300,94 теңгеден 3 136,38 теңгеге дейін (ҚҚС-пен) немесе 57,04%-ға, яғни 1000м3 үшін 4 164,56 теңгеге дейін (ҚҚС-пен) төмендетті.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 10 наурыздағы ТМРКД-ның дәлелді қорытындысымен жабдықтау үстемесі және негізделген шекті баға 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1000м3 үшін 28 945,22 теңге (ҚҚС-пен) мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша бекітілді:

- тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 28 945,22-ге дейін, төмендеу 16,7%-ды немесе 5 810,28 теңгені құрады;

– басқа заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар-34 755,5-ден 32 106,15-ге дейін, төмендеу 7,6%-ды немесе 2 649,35 теңгені құрады;

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 23 156,18-ге дейін, төмендеу 33,37%-ды немесе 11 599,32 теңгені құрады.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтері мен бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен айқындығын қосымша атап өтеді, олардың бекітілуі ерекше бақылауда.

Қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда, әрбір тұтынушы өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ТМРК-ның өңірлік департаменттеріне жүгінуге құқылы.

  • 17.03.2023
  • 226
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика