- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысының әкімі "Үміт-Шаңырақ" пансионатына және "Аналар Үйі" ресурстық орталығына барды
Наурыз мейрамы қарсаңында Ермек Маржықпаев аға буын өкілдерін және "Аналар Үйі" ресурстық орталығының қамқоршыларын құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі жас аналарды көктемгі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт аспан тілеп, орталыққа әрдайым қолдау көрсетілетініне сендірді.
Бүгінгі таңда мұнда 7 қамқоршы қыз, сондай-ақ бір айға дейінгі 1 бала, бір жасқа дейінгі 4 сәби және 3 жасқа дейінгі 2 бала тұрады.
Сондай-ақ, аймақ басшысына орталықтың балаларына арналған шағын бақ таныстырылды.
Әрі қарай өңір басшысы дәстүрлі түрде "Үміт - Шаңырақ" ҚБ қарттар үйіне барды.
"Мен барлығыңызды көргеніме өте қуаныштымын, жыл сайын сізге бірнеше рет келемін. Наурыз - еліміз үшін айрықша мереке, өйткені онымен жаңғыру, табиғаттың оянуы және жылулық байланысты", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Облыс әкімі тұру және тамақтану шарттарын сұрады. Бүгінде мұнда 52 адам тұрады. Мекемеде барлығы 21 адам жұмыс істейді. 17 тұрғын бөлме, ЕДШ кабинеті, ас блогы, асхана, медициналық кабинет, персоналға арналған бөлме, өндірістік үй-жайлар, қоймалар, кір жуатын орын бар.
- 24.03.2023
- 136