- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ТИІМДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамтамасыз ету 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте бұл-мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; үкіметтік емес ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; оңалтудың жеке бағдарламасын орындау, сондай-ақ мүгедектерді жұмысқа орналастыру. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов айтып берді.
Бүгінгі күні өңірде басқармаға ведомстволық бағынысты 5 медициналық-әлеуметтік мекеме бар, онда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жалпы төсек саны - 650. Жыл басынан бері облыс бойынша стационарлық және жартылай стационарлық бөлімшелерде қарттар мен мүгедектерге 740-қа жуық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Балаларға да осындай қызмет көрсету аясында 2 жоба жүзеге асырылуда:
Олардың бірі жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері осындай 80 бала қызмет алды. Екіншісі-мүгедектер үшін инватакси қызметін ұйымдастыру. Жыл басынан бері 3600 тапсырысқа қызмет көрсетілді.
Бүгінгі таңда біздің өңірде 28 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепте тұр. Оларға оңалтудың техникалық құралдарын ұсынудың 55 түрі және 3 Қызмет түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Айта кету керек, міндетті гигиеналық құралдармен, сурдо-мамандар және жеке көмекшілермен қамтамасыз ету жыл соңына дейін 100% игеріледі. Айта кетсек, жеке көмекшінің қызметі 940-тан астам азаматқа ұсынылған. Шипажайлық-курорттық емделуге 650 жолдама қарастырылған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастары саласындағы цифрландыру. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мен жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов баяндады.
Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынатын 26 Мемлекеттік қызметтің қазіргі уақытта 8-і онлайн қызмет көрсетеді. Субсидиялаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Qoldau.kz, субсидия беру үдерісі жолға қойылған. Жыл басынан бері АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) 150 субъектісінен 460-қа жуық электрондық егіс алқабы цифрландырылды, өңірде барлығы 3243,1 га егіс алқабы цифрландырылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 1000-нан астам мал шаруашылығына жататын 3,4 млн.га жуық жайылым цифрландырылған.
Қазіргі уақытта жер қатынастары саласындағы ақпарат пен қызметтерді алу үшін: «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" веб-порталдар - Qoldau.kz, gosreestr.kz, "Е-лицензия". Бұл веб-порталында жеке пайдаланудағы жер учаскелері туралы толық ақпарат ұсынылған. Осы интернет-ресурста бос учаскелерді де көруге болады. Веб-портал спутникпен сәйкестендірілген. Веб-портал арқылы Космомониторинг жобасы шеңберінде Qoldau.kz ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелеріне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде облыста осы жылдың басында жалпы 356 шаруашылыққа тиесілі 2 млн. 300 мың гектарға жуық пайдаланылмайтын жайылымдық жерлердің бар екенін көрсетті.
Жиын соңында «Маңғыстау –Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы мәселелері туралы баяндама жасады. Ол өңірде "Маңғыстау-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтты. Өңірде бірқатар жобалар нәтижелі жұмыс көрсеткен, соның бірі – жемқорлықпен күрес.
«Адалдық алаңы» негізгі үш бағытының бірі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп, халық үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ашық әкімдік" кеңселерін ашуға тапсырма берді. Мұндай кеңселердің тиімділігі кез-келген мәселе бойынша ресми жауап алмаған азаматтар оларды сәтті шеше алатындығында.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 01.12.2020
- 269