• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Ақтауда Наурыз мейрамын тойлауға 20 мыңнан астам адам жиналды

Бүгін, 22 наурызда теңіз жағалауында киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, барша маңғыстаулықты құттықтады, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара «Науша Наурыз – бақ, ырыстың бастауы» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Мерекеде облыс өнерпаздары, халықаралық ән байқауларының лауреаты Бауыржан Исаев өнер көрсетті.

Амфитеатр алаңына 20 мыңнан астам адам жиналды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже мен ұлттық тағамдар әзірленді.

Дәстүр бойынша көрермендер қойылымдарды тамашалады. Әндер орындалып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Сонымен қатар түрлі ұлттардың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, елдің жетістігі – халықтың бірлігі мен ынтымағы екенін атап өтті.

 – Қазіргі таңда Қазақстан – әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып отырған көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында ұлтына, тіліне, дініне, сеніміне қарамастан әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы керектігін атап өтті. Президенттің басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау бағытында тапсырмаларды орындап келеміз.  Құрметті маңғыстаулықтар, еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері, саяси тұрақтылық, қоғамдағы келісім – біздің еңбегіміздің жемісі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  – деді Нұрлан Ноғаев.

Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

  • 24.03.2023
  • 190
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика