- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Венада ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияға мүше мемлекеттердің бірлескен шолу кездесулері өтті
2023 жылғы 20-24 наурыз аралығында Аустрияның Вена қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (АЭХА) Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияға мүше мемлекеттердің бірлескен 8 және 9 шолу кездесулеріне қатысты.
Сапар аясында қазақстандық делегация АЭХА-ның Атом энергиясы департаментінің өкілдерімен Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша кездесуге қатысты. Кездесу барысында Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту деңгейі талқыланып, ұсыныстар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша АЭХА сарапшылары Қазақстанның атом саласын дамыту үшін техникалық және консультациялық көмегін көрсету арқылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынын атап өтті.
- 24.03.2023
- 158