• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАҢАӨЗЕНДЕ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, БІРНЕШЕ МЕДОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жаңаөзен қаласында бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандар ашылды.  Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және бір топ қоғам белсенділері қатысты. Жиында сөз алған аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мерейлі мейрам қарсаңында өз жұмысын бастап, жаңадан іске қосылған өндіріс орны қант шығаратын зауыты.

Қаланың өндірістік аумағында орналасқан «ORDA" ЖШС-і жылына 3600 тонна қант шығаруды жоспарлап отыр.  Бұл облыстағы сұраныстың 30% астамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорында  42 Жаңаөзен азаматы еңбек ететін болады деді, мекеме басшылары. Мұнан соң облыс әкімі дәрігерлерге арналған мемориалды ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.  Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне арналған стелла демеушілердің есебінен тұрғызылған.  Еске алу қабырғасының бір бұрышы жаз айында коронавирустық инфекциядан қайтыс болған Жаңаөзен қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Мұрат Серыевтің есімі жазылған. Шарада сөз алған Серікбай Трұмов: "Әріптесіміз Мұрат Жарылғапұлы ел басына түскен қиын кезеңде соңғы уақытқа дейін азаматтардың өмірі үшін күресіп, өз мамандығына деген адалдығын көрсетті. Нағыз ақ халатты, абзал жандарға тән ерлік көрсете білді. Оның абыройлы еңбегі мәңгі ел есінде қалады." деп еске алды.

Жиын соңында өңір басшысы жаңаөзендік  дәргерлерге су жаңа 10 жедел және шұғыл медициналық жәрдем автокөліктерін табыстады. 

Мереке күні өз жұмысын бастаған тағы бір медициналық мекеме көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты полимеразды тізбекті реакция (ПТР)  зертханасы. Нысан 2 гектардан астам жерді алып жатыр. Оның ішінде: ғимарат - 1 000 шаршы метр, құрылыс көлемі - 7 000 шаршы көлемді құрайды. Зертхана 14 бөлмеден тұрады. 

Енді Жаңаөзен қаласының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында вирусологиялық зертханасы ПТР сынамаларын тексеруді дәл осы орталықта жүргізетін болады. 

Бұдан кейін облыс әкімі бастаған жұмыс тобы көпсалалы «Neiron-Med» медициналық орталығын ашылуына қатысты. Күрделі жөндеуден өткен мекеме Медициналық құрал-жабдықтармен және жиһазбен толық қамтылды. Жер көлемінің аумағы 1 гектарға жуық. Оның ішінде: ғимарат – 1 325 шаршы метр болса,  құрылыс көлемі – 10 000 шаршы көлем. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. 1 қабатта 41 бөлме мен 1 конференц зал,  2 анықтама бөлімі орналасса, 2 қабатта 46 бөлме бар.

Жаңа клиникада 120 адам еңбек етеді. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында жақында ғана жөндеуден өткен провизорлық стационардың және  «Мұнайшы» мәдениет үйінің жай-күйімен танысты. Биыл жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында  аталған мекемелердің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Серікбай Трұмов мұнда да қызметкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. 

Облыс әкімі Жаңаөзен қаласындағы сапар соңында  "ҚазГӨЗ" қуатын арттыруға қажетті электр энергиясын өндіретін кәсіпорынның іске қосылу рәсіміне қатысты. Құны 5,4 млрд. теңге болатын жоба 50 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
 

  • 01.12.2020
  • 300
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика