- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Құрметті әріптестер! Қымбатты достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Еліміздің Тұңғыш Президенті тарихқа тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне ұйытқы болған тұлға ретінде енді.
Бүгінде Отанымыз шекарасы белгіленген, Конституциясы мен ұлттық валютасы бар, әлемде беделді орын алып отырған егеменді мемлекет.
Елбасының жүргізген жүйелі және толыққанды реформалары Қазақстан Республикасының экономикасының, оның ішінде қаржы жүйесінің тұрақты дамуына мүмкіндік берді.
Осындай мереке күні елімізге тұрақтылық пен өркендеу, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және барлық игіліктерді тілеймін!
Құрметпен, Е. Жамаубаев
- 01.12.2020
- 273