• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Дархан Қыдырәлі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы баяндама жасады

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асырудағы негізгі басымдықтарды белгіледі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы баяндама жасады.

 Жас қазақстандықтарды қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты Тұжырымдаманы қабылдау осы бағыттың дамуына жаңа серпін беруі тиіс.

«Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастырудың жүйелі тәсілі қажет. Тұжырымдамада 2,3 млн-ға жуық жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл өте маңызды аспект, оны барынша тиімді жүзеге асыру керек», — деді Әлихан Смайылов.

Жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты, сол себепті жастардың мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар санын азайтуға ықпал етеді.

Ә.Смайыловтың сөзінше, елдегі мұндай жастардың үлесі 6%-дан асады. Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында NEET көрсеткіштері ең жоғары.

«Тұжырымдамада республика бойынша осындай жастардың үлесін 3,5%-ға дейін төмендету міндеті қойылған. Бірақ бұл үшін “шаблонмен” жұмыс істеуге болмайды. Әр өңірдегі жастармен жұмыс істеу ерекшелігіне барынша икемделу қажет. Сонымен қатар жастарды қолдау шараларын жақсарту үшін үзбей жұмыс істеу керек», — деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық жұмысты күшейту және «жастардың әрқайсысына, әсіресе ауылдардағы және NEET санатындағы жастарға» көңіл бөлу қажет екенін айтты.

«Әркім табысқа қол жеткізу, жұмысқа орналасу, кәсіптік деңгейін көтеру мүмкіндігін сезіне білуі керек», — деді Үкімет басшысы.

Одан бөлек Премьер-Министр жастар ресурстық орталықтарының қызметін сапалы үйлестіруді қамтамасыз ету және орталықтардың басшыларына нақты міндеттер мен KPI бекіту қажеттігін айтты. Үкімет басшысының айтуынша, орталықтар жастармен жұмыс істеудің аса маңызды буындарының біріне айналуы тиіс – жергілікті жерлердегі жастардың барлық проблемаларын біліп, оларды шешу жолдарын ұсынуы қажет.

  • 29.03.2023
  • 199
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

Қамбаров Қ.Т.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика