• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда соңғы жеті жылда инвестиция көлемі 88 пайызға артқан

28 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар инвестиция тарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға Сыртқы істер министрлігі мен КИ арқылы тұрақты негізде көмек көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы әзірленді. Пулға Маңғыстау облысында 4 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 2,0 триллион теңгеден астам 41 жоба енді. 

2022 жылдың соңында аталған пулдан 17,2 миллиард теңгенің бес жобасы іске қосылды.

 – 2021 жылдан бастап жаңа инвестициялық құрал – стратегиялық инвесторлар үшін арнайы шарттарды қарастыратын Инвестициялық келісім енгізілді. Осылайша, 2022 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі, HYRASIA ONE GMBH және «ХАЙРЭЙЖА УАН» ЖШС (SVEVIND компаниясының негізін қалаушы) арасында «Маңғыстау облысында «жасыл» сутекті өндіру және тарату орталығын құру» жобасы бойынша Инвестициялық келісімге қол қойылды. Соның аясында алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімдері сәтті аяқталды, - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.

Соңғы жеті жылда инвестиция көлемінің 88 пайызға өскені байқалады. 2022 жылдың 12 айында негізгі капиталға 762,2 млрд.теңге түсті, нақты көлем индексі - 115,8%, оның ішінде жеке инвестиция көлемі - 704,5 млрд.теңге немесе НКИ – 117,4% құрады.

Облыста 2023-2026 жылдар аралығында экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы шамамен 1,5 трлн.теңгеге 5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 88 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Оның ішінде биыл жалпы сомасы 150 млрд.теңгеден астам 1,0 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 26 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарттар жасасу аясында мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру Маңғыстау облысында белсенді түрде орындалуда.

Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында жалпы сома 32,8 млрд.  теңгеге 29 инвестициялық келісімшарт жасалды.

Салалар бойынша: 6 жоба - туризмге, 4 жоба - білім беруге, 3 жоба - қойма және қосалқы көлік қызметіне, 3 жоба -денсаулық сақтау саласына және 13 жоба й экономиканың басқа салаларына қатысты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қолданыстағы заңнама аясында инвесторлардың барлық бастамасын қолдауға әрқашан дайын екенін атап өтті.

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрақты дамуы үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарту керектігін үнемі айтып келеді.  Соның нәтижесінде инвесторлар елімізде жаңа кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашып, еліміздің дамуына үлес қосуда. Өңірімізде инвестиция тарту мәселесі де тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытында кәсіпкерлерге қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мәселелерін жүйелі түрде шешуде.  Былтыр облыста шетелдік инвесторлардың тікелей қатысуымен ірі жобалар орындалды. Бірақ әлі де өңірдегі мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай жатқан жағдайлар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Kazakh invest» ұлттық компаниясы мен Сыртқы істер министрлігінің құрамында Инвестициялар тарту комитетін құрды. Мұнда мамандар ҚР-дағы және шетелдегі инвестиция мәселелерімен тікелей айналысады. Біз де кейбір елшіліктердегі әріптестермен тығыз байланыстамыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 29.03.2023
  • 177
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика