• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқы жыл сайын Тұңғыш Президент күнін ерекше сән-салтанатымен атап өтеді. Бұл барша қазақстандықтар үшін халықтық мереке.

Бұл мерекенің шығу тарихы кім-кімді де ойландырары анық. Президент күні ретінде 1 желтоқсанның таңдалуының өзі кездейсоқтық емес. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей жалпыхалықтық сайлау өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Осы сәттен бастап Қазақстан халқын өзінің тұңғыш көшбасшысымен бірге ұлан-асыр өзгерістер күтіп тұрды. Міне, осы аса зор тарихи оқиға әрбір отандасымыздың санасында салтанатты күн болып қалғаны анық.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлсіз экономикалық жүйе, жетілмеген саяси реформалар жағдайында Елбасымыз ел дамуының тура жолын таңдай білді. Алдына Егемен Қазақстанды гүлденген, әл-ауқаты жоғары, өзге елдермен терезесі тең, дамыған елге айналдыру мақсатын қойды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстан бүгінде ішкі, сыртқы саясатын тура жолға қойған қуатты мемлекетке айналды.

«Қайтсе жеңіл болады ел билемек», - деп Ұлы Абай бабамыз айтқандай, ел билеу – жанпида сірілікті, шыдамдылық пен тастай берік төзімді тілейді. Ел билеу – елден жоғары тұру емес. Артынан ерген халқының өсіп-өркендеуі жолына түн ұйқысын төрт бөлуі. Қиындық көлденеңдеген кезде өзін-өзі ұмытып, тәуекелге баруы, күйіп-жануы. Осының бәрін Елбасы ерен еңбегімен, күш-қайратымен әлі күнге дейін дәлелдеп келеді.

Қадірлі жерлестер!

Еркіндіктің самалымен тыныстағанымызға 29 жыл толғалы отыр. Сонан бергі мезгілде Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің тұтастығын сақтап қана қоймай, Қазақстан экономикалық тұрғыда алға жылжи бастады.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әу бастан экономикалық реформаларды саясаттан бұрын қойды. Соның нәтижесінде қазір біз экономикасы қарқынды дамушы, халқының әл-ауқаты жақсарған, тұтастығы бекем мемлекеттердің қатарына қосылдық.

Жерімізді мекендеген жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір түрлі ұлт өкілдері мен конфессиялар бір шаңырақтың астында татулылықты ту етіп, мемлекетіміз көрші елдермен бейбіт қатар өмір сүруде.

Осының барлығында азғана уақыт ішінде ғасырға татырлық іс тындырған, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз!

«Тұңғыш Президент күні» мерекесінің бекітілуі халықтың Елбасына деген шынайы құрметі мен ыстық ықыласы.

Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Ақтөбе өңірі де өзінің зор үлесін қосып келеді. Қуатты өңір, қуатты Қазақстанның бір бөлшегіне баланған аймақ Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен жүргізіп отырған саясатын зор ықыласпен қабылдап, қашанда қолдап отыр.

Қадірлі ағайын!

Баршаңызды Ұлт көшбасшысы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға, туған Отанымыз – Қазақстанның дамуы, оның Мәңгілік ел болуы үшін аянбай еңбек етуге шақырамын.

Еліміздің өркендеуі жолында жасап жүрген қызметтеріңіз табысты, Отанымыздың мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, қызметте табыс, бақ-береке тілеймін!

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин

  • 02.12.2020
  • 299
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика