• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев халықпен кездесулерді қорытындылады: Өңірді сумен қамтамасыз ету мәселесі - басты назарда

Соңғы екі айда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 31 ауылда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында халықпен кездесулер өткізді. Кездесуге үш мыңнан астам адам қатысты. 31 қаңтар мен 16 наурыз аралығында аймақ басшысы 386 адамды жеке қабылдады, 600-ден астам сұрақ түскен, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің тұрғындармен өткен кездесулері сауалдарын тікелей қоя алатын диалог алаңына айналды. Осылайша, тұрғындарды толғандыратын түйткілді мәселелерді талдауға мүмкіндік туды.

Жиын барысында облыс тұрғындарын азық-түлік бағасының қымбаттауын алдын алу, экологиялық мәселелер, ауылдарды абаттандыру, әлеуметтік маңызы бар нысандар салу, жол жөндеу жұмыстары толғандырды. Ал қалалар мен елді мекендердің тұрғындарын су тапшылығы алаңдатты.

Нұрлан Ноғаев халықпен кездесуін қорытындылап, тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша жоспар құрылып, бекітілгенін, оған 527 пункт енгізілгенін атап өтті.

 – Барлық ескерту мен өтініштер қаралып, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, анықталған мәселелерді шешу шаралары қабылданатын болады.  Өздеріңіз білетіндей, тұрғындармен кездесулер тікелей эфирде көрсетілді, әркім өз сауалын қоюға мүмкіндік алды.  Олар жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар арасындағы байланыстың нашарлығына жиі шағымданды. Осыған орай, басқарма басшыларымен қатар әкімдерді де жүктелген міндеттерді өз деңгейінде орындауға шақырамын. Сондай-ақ кейбір мәселелерді шешу уақытты, басқа мемлекеттік органдардың көмегін қажет ететінін атап өткен жөн. Бірақ өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмауы керек. Қоғам бізден нақты істер күтеді. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Ең бірінші кезекте тұрған мәселе – облыстың елді мекендерін ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Қазіргі таңда су тапшылығының орнын толтыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда.  Тағы бір маңызды мәселе – халықты жұмыспен қамту. Осы ретте біз бар жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыстарды қолға алу керек, өйткені облыс тұрғындарының барлығын мұнай-газ саласында жұмыспен қамту мүмкін емес. Сондықтан барлық деңгейдегі басқарма басшыларына өз мүмкіндіктеріне қарай орта және шағын бизнесті дамытуда кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан құқықтық, қаржылық және әкімшілік қолдау бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 03.04.2023
  • 145
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика