• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов Ойыл ауданында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ойыл ауданында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиын өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар мен «Ақтөбе» ӘКК басшылары, аудан әкімі Асқар Қазыбаев, 7 ауылдық округтің әкімдері қатысты.

«Ойыл ауданына жұмыс сапары барысында мен бірқатар жобалардың іске асырылуымен таныстым, жергілікті тұрғындармен кездестім. Кейбір ауылдық округтерде инвестиция тарту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейтіні белгілі болды, ал әкімдер «Ауыл аманаты» жобасын толық зерттеп, түсінбеген. Отырыста осы мәселелерді шешу жолдарын талқылаймыз», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Асқар Қазыбаев ауданда жүргізілген скрининг нәтижелері, негізгі капиталға инвестициялар тарту және «Ауыл аманатын» іске асыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Ойыл ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 36 адам өтінім берген, оның 24-і мақұлданса, бесеуіне қаржы бөлінді.

«Бұл жоба – жұмыссыздықты жойып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын жақсартып, табысын арттыруға тамаша мүмкіндік. Алайда, аудандар бойынша мақұлданған және қаралып жатқан жобалардың саны әлі де аз. Әрбір жұмыссыз және АӘК алушымен жеке жұмыс істеу, құжаттарына көмектесу, жер учаскелерін немесе үйлерді ресімдеуге қатысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу қажет. «Ауыл аманаты» тек қатысушыларға ғана емес, ауылдарыңыздың және жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Халықтың жағдайы жақсарады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ерекше назар аудару керек, өйткені олар ауылдардың проблемаларын шешуге ықпал етеді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Жиын соңында облыс бойынша жобаға қатысатын барлық ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс нәтижелеріне мониторинг жүргізу, соңғы орындарда тұрғандарды бақылауға алу және тұтастай алғанда жобаны іске асыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

  • 05.04.2023
  • 148
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика