• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

Үкімет отырысы.

Министр атап өткендей, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн жуық адам тұрады.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90% қамтылған 3,5 мың ауылдық мекен іріктеліп алынды. Бұл ауылдарды дамыту бойынша жұмыс 2019 жылдан бастап «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу болып табылады», деп атап өтті Ә.Қуантыров.

2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды.

Жөнделді және салынды

2,2 мың көлік инфрақұрылым объектілері

1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілері

334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері

Шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды

«2022 жылы 577 ауылдық елді мекенде 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді», - деп толықтырды ҰЭМ басшысы.

Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс әкімдіктері бөлінген қаражаттың 94% игерген.

Қаражаттың жоғары игерілуі

Атырау облысы - 99%

Қостанай облысы - 99%

Солтүстік Қазақстан облысы - 99%

Түркістан облысы - 99%

Қаражаттың төмен игерілуі

Ұлытау облысы - 56%

Маңғыстау облысы - 85%

БҚО - 86%

Сонымен қатар, өңірлерде құрылыс және жөндеу жұмыстарын талап ететін бірқатар нысандар бар. Олардың басым бөлігі әлеуметтік салада. Жобаларды іске асыру үшін алдағы уақытта республикалық бюджетті нақтылау барысында тиісті өтінім ұсынылатын болады.

Жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына ерекше көңіл бөлу ұсынылды.

«Министрлікпен жыл сайын ауылдардың өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіледі. Жобаның өткен жылдарда іске асырылуы нәтижесінде өңірлердің көрсеткіштері стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес жоғарылады. Мәселен, орташа қамтамасыз ету 2021 жылы 64,1% құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,3 пайыздық тармаққа жоғары», - деді Ә.Қуантыров.

2023 жылы ҚР ҰЭМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп:

736 ауылдық елді мекенде 143 млрд. теңгеге 1,5 мың жобаны іске асыруды жоспарлауда. (102 млрд. теңге жалпы сипаттағы трансферттерде есептеліп жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына берілді)

Жоспарланған жобалар

Ауылішілік жолдарды жақсарту - 1,1 мың жоба

Мәдениет және спорт - 139 жоба

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 119 жоба

Білім беру - 91 жоба

Денсаулық сақтау - 45 жоба

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы қазіргі уақытта сапалық көрсеткіштерді енгізуді ескере отырып, өңірлік стандарттар жүйесінің жаңа форматы әзірленгенін айтты. Министрлік өңірлік стандарттар жүйесінің әлеуметтік объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілу көрсеткішін ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттің шамасын айқындау қағидаларын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қазіргі уақытта Ұлттық экономика Министрлігі ҚР ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Тұжырымдама мынадай тәсілдерден тұрады:

Ауылдың институционалдық дамуын қамтамасыз ету

Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын қарқынды дамыту

Агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру ҚР ҰЭМ-ның тұрақты бақылауында.

  • 05.04.2023
  • 139
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика