- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика вице-министрі Жамбыл облысында «Ауыл – Ел бесігі» бойынша іске асырылып жатқан жобалармен танысты
Бауыржан Омарбеков Жамбыл ауданының Аса ауылында орналасқан заманауи спорт кешенінде болды. Бүгінде мұнда 300-ге жуық адам 15 спорт түрімен шұғылданады.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Аса ауылының ескі кинотеатр ғимараты жаңартылып, өнер мектебіне айналды. Қазіргі уақытта 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған, 1500-ге жуық тұрғын әр түрлі үйірмелерге қатыса алады. Ғимарат шамамен 20 жыл бойы бос тұрған.
1400 ауыл тұрғыны жергілікті Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында 20 түрлі бағыт бойынша қосымша білім алуда.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Жамбыл облысының 2 тірек және 8 спутниктік елді мекендерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,6 млрд теңге сомасына 43 жобаны іске асыру жоспарлануда.
- 05.04.2023
- 112