• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқасы өтті

Бүгін Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың төрағалығымен ТМРК-ның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттері бойынша алқа отырысы өтті.

Комитет төрағасы Асан Дарбаев атап өткендей, өткен жылы тарифтердің өсуін тежеу және төмендету бойынша қабылданған шаралардың арқасында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге орташа өсім небәрі 2,2% -ды құрады.

«2022 жылдың басында енгізілген мораторий, табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуларын электрондық форматқа көшіру және заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қазақстандықтар 3,2 млрд. теңгені үнемдеді», - деп нақтылады ол.

Еске салайық, 2022 жылы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы монополистердің 2 мыңнан астам есебін қарау қорытындысы бойынша еліміз бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге 14,1 млрд.теңге сомаға тарифтер төмендетілді.

Сондай-ақ, А.Дарбаев «Тарифті инвестицияға айырбастау» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ТМРК-ның жоспарлары туралы айтты.

«Жаңа тарифтік саясат шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілерінің тозуын 2029 жылға қарай 20 пайыздық тармаққа дейін төмендету, коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік персоналының жалақысын арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы табиғи монополиялар субъектілерінің жауапкершілігін күшейту жоспарлануда», - деді ТМРК басшысы.

Оның айтуынша, бұл шаралар апаттар мен өшірулердің санын төмендетуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ, алқа барысында ТМРК аумақтық департаменттерінің басшылары баяндама жасады.

ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров жаңа тарифтік саясатты іске асыру барысында әр өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

«Монополистер көбінесе өз проблемаларының шешімін тек тарифтердің өсуінде көреді. Алайда, көтерілген тарифтер желілердің тозуын бір мезгілде төмендетуге, электр, жылу және сумен жабдықтаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік бермейді. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты бірінші орында тұруы керек. Тарифтердің өсуі қарапайым азаматтардың қалтасына салмақ түсіреді. Сондықтан, біз сапалы жұмыс жүргізуіміз керек, табиғи монополиялар субъектілерінің әрбір өтінімін өте мұқият қарау керек. Тарифтер әділ және ыңғайлы болуы керек, бұл ретте саланың қажеттіліктерін де ұмытпаған жөн, - деді министр.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 06.04.2023
  • 134
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика