• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласындағы өндірістік нысандарды аралады

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров «Маревен Фуд Тянь-шань» азық-түлік өндіру зауытында болды. Мұнда ол тез дайындалатын макарон өнімін, алкогольсіз сусын мен дәмдеуіш өндіру процесімен танысты. Жергілікті өнім жақын және алыс шет елдерге экспортталады.

Кәсіпорын 2018 жылдан бері жұмыс істейді. 850 адамды жұмыспен қамтып, қала экономикасында маңызды орын алып отыр. Олардың көпшілігі – жақын маңдағы елді мекен тұрғындары.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зауытты іске қосу үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуге көмек көрсетілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 593 млн.теңге тартылған. Жалпы кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 35 млрд. теңге. Өндірістік қуаты жылына 85 мың тонна дайын өнімге жетеді.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» басқарушы директоры Станислав Дегтяревтің айтуынша, кәсіпорынды тиімді дамыту үшін экспорттық ҚҚС қайтару мәселесін шешу қажет.

«Сондай-ақ, жаңа өндірістік желілерді орнату үшін қосымша газ, су және электр қуаты қажет. Болашақта логистикалық қолжетімділікті жақсарту үшін тағы бір теміржол желісі тартылуы тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, министр балық өнеркәсібі кешені құрылысымен танысты. Оның жалпы қуаты – жылына 10 мың тонна теңіз балығы. Баррамунди (аустралиялық сибас) балығын өсіру ойда бар. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталып, бассейндердің іргетасы қаланды.

Құны 67 млрд. теңге болатын кешенді іске қосу балық импортын алмастыруға ықпал етеді. Экспорт көлемін де ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, кәсіпорында 500 адамға арналған жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Инфрақұрылым жүргізу қажет. Біз сумен, газбен жабдықтау, электр мен кәріз желілерін тартуға бюджеттік өтінім бердік. Мақұлдануын күтеміз. Барлығы 900 млн. теңге», - дейді зауыт өкілдері.

Министр көтерілген мәселелер Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, мұқият зерделенетінін айтты.

«Жалпы, мұндай кәсіпорындар өңірге, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы.

​

  • 06.04.2023
  • 131
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика