• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
«ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын ұстану Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі болып табылады», - Ә.Қуантыров

Парижде (Франция) ҚР ҰЭМ басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі Министрлік кездесуге қатысты.

Министр өз сөзінде Қазақстан ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша ұсынымдар жиынтығының маңыздылығын мойындайтынын атап өтті.

«ҚР Үкіметі көптеген жылдар бойы ұлттық заңнаманы адам құқығын қорғау және халықтың әлеуметтік осал тобы үшін қолайлы жағдай жасау саласындағы халықаралық ұйым стандарттарымен интеграциялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Біз қазақстандық және шетелдік компаниялардың жауапкершілігі мен тиісті қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-мен, Халықаралық еңбек ұйымымен және халықаралық қаржы институттарымен табысты ынтымақтастық орнаттық», - деді Ә.Қуантыров.

Оның айтуынша, Қазақстанда ірі компаниялар БЖЖ (бизнесті жауапты жүргізу стандарттары) элементтері бар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті белсенді түрде енгізуде.

«Әйелдерді, жастарды, ауыл тұрғындарын қолдау орталықтары құрылып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді», - деп атап өтті ол.

Бизнесті жауапты жүргізу стандарттары мен ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын ілгерілетуде Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта БЖЖ стандарттарын сақтау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҰБО-ны ұлттық медиация жүйесіне және еңбек дауларын шешу процесіне енгізу мәселесі пысықталуда.

«Кәсіпорындардың осы стандарттарды қолдануы адам құқығы, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қатынасы секілді үш бағыт бойынша міндетті болуы тиіс. Бірақ алдын ала ерікті түрде зерттеуден өту керек. Біздің еліміз үшін ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын ұстану басты міндеттердің бірі болып табылады», - деді Ә.Қуантыров.

Сондай-ақ ЭЫДҰ алаңында министр бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

  • 06.04.2023
  • 122
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика