- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
2020 жылғы 2 желтоқсанда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Зеренді ауданына жұмыс сапары өтті
Өңір басшысы жұмыс сапарымен Зеренді ауданына барып, бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Ермек Маржықпаев "AgroMilkProject" ЖШС сүт-тауар фермасында болды. Жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның құны-297 млн.теңге. Қазіргі уақытта фермада 100 бас ІҚМ бар, бірақ келесі жылдың ақпан айында тағы 150 бас ІҚМ болады деп күтілуде.
"БиБорд" ЖШС бордақылау алаңында 1400 бас мал бар, алайда келесі көктемде ІҚМ санын төрт мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Жобалық қуаттылығы 5 мың басты құрайды. Директор Азамат Сағынтаевтың айтуынша, мал негізінен еліміздің солтүстік өңірлерінен сатып алынады.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Зеренді ауданында өндірістік қуаттылығы жылына 2300 тонна өнімді құрайтын "Blic — Terminal" ЖШС бройлерлік құс фабрикасы бар. Жобаның құны 1 млрд.теңгені құрайды. Цех басшысы Ербол Жапаров облыс әкімін құс өсіру жұмыстарымен таныстырып, кәсіпорынның даму перспективаларымен бөлісті.
"Ауыл — Ел бесігі" жобасы және "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кейбір ауылдарда көше-жол және су құбыры желілері жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Ағымдағы жылы Алексеевка ауылында орналасқан психикалық денсаулық орталығының № 3 емдеу корпусының қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан әрі медициналық мекеменің ерекше пациенттерінің болу жағдайларын жақсартуға қолдау көрсетілетін болады.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Симферополь орта мектебіне спорт корпусының қосымша құрылысының салыну барысымен танысты. Мердігерлердің айтуынша, жұмыстарды аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.
- 03.12.2020
- 514