• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Түркістан облысының ірі өнеркәсіп нысандарын аралады

Кентау қаласында министр жергілікті трансформатор зауытында болды. Кәсіпорын электр қозғалтқыштарын, генераторлар және трансформаторлар шығарады. Жылдық жобалық қуаты 20 000 дана өнім. Оның 70 пайызы ішкі нарыққа бағытталған, 30 пайызы Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Зауыт 900-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания иесі колледж, сонымен қатар зауыт жанынан оқу орталығын ашты. Онда 500 болашақ инженерлер білім алып, өндірістік тағылымдамадан өтеді. Компания өкілдері жас кадрларды оқытуға жұмсалған шығындардың жартысын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды сұрайды.

Ә.Қуантыров бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралатынына сендірді.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы осыдан 90 жыл бұрын салынған Кентаудағы №5 жылу электр орталығында болды. Мұнда ол еңбек жағдайымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. «Кентау Сервис» МКК-ның 14 мың тұтынушысы бар. ЖЭО 346 көпқабатты үйді, 2295 жеке сектордағы үйді, 108 мемлекеттік мекемені және 440-тан астам коммерциялық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. 2014 жылы қазандықтар мен жылу жүйелері жөндеуден өткізілді. Жаңғыртудың кезекті кезеңінде газбен жылыту жүйесіне біртіндеп көшу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда магистральдық жылу желілерін қайта құру үшін 4,6 млрд. теңге қажет. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттілігі 4,1 млрд.теңгені құрайды.

Сондай-ақ, министр «Түркістан» индустриалды аймағының жұмысымен танысты. Аумағы 190 гектарды құрайтын нысанда 13 млрд. теңгеге 28 жоба орналасқан. Оның аумағында тағы сегіз отандық және шетелдік инвестор жұмыс істеуге мүдделі. Инвестиция ағынының жалпы сомасы шамамен 30 млрд. теңгені құрайды.

Одан әрі ҰЭМ басшысы Сауран ауданы, Оранғай ауылындағы «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының құрылыс алаңында болды. Жоба 17,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Нысанның ауданы 365 гектарды құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру қажет. Атап айтқанда, ішкі жол, темір жол, өрт сөндіру бекеті, газдандыру, электр қуаты және т.б. салуға республикалық бюджеттен 11,5 млрд. теңге қажет. Ағымдағы жылдың соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жұмыс сапарының соңында министр Түркістан облысы бойынша ТМРКД-да және «Даму» облыстық филиалында болып, атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар берді.

  • 06.04.2023
  • 164
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика