• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

 

Жиында Қоғамдық кеңестің қызметі, Министрліктің даму жоспары мен 2022 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, кәсіпкерлік қызметті "таза парақтан" реттеу мәселелері және жаңа Бюджет кодексінің тәсілдері талқыланды.

ҚР ҰЭМ аппарат басшысы Данабек Керімрай атап өткендей, Кеңес қызметі барысында нормативтік құқықтық актілер жобаларын міндетті түрде келісу жұртшылықтың шешім қабылдау процесіне ықпалын арттыруға мүмкіндік берді. Өткен жылы 79, ағымдағы жылдың басынан бастап 28 НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) жобасы қаралды.

"Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Оған қоғамдық кеңес өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен сарапшылар кіреді", - деді ол.

Министрліктің бюджеті 2022 жылы 549,3 млрд теңгені құрады, атқарылуы 100%. Өткен жылы бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу де 100% болды. Даму жоспарының 28 нысаналы индикаторының 12-сі іске асырылды, қалғаны орындалуда. Сонымен қатар, отырыс барысында ведомствоның 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың сөзінше, Үкімет бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. 2022 жылдың III тоқсанында экономикадағы ШОБ (шағын және орта бизнес) үлесі 36% -ды құрады. Осы кезеңде ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны – 3,9 млн. адам.

Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылғандардың шамамен 40%-ы осы секторда жұмыс істейді. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап жаңа реттеу саясаты енгізілуде. Өзгерістерді талап ететін 60-тан аса заң актісі анықталды. «Бүгінгі таңда реттеудің барлық 44 саласы қаралды. 128 119 талап анықталды. Олардың ішінде 10 108-і немесе 8%-ы жаңа реттеу саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді. Мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптарды жою және қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деді Т.Жақсылықов.

ҚР ҰЭМ Бюджет саясаты департаментінің директоры Гүлсана Дәрібаева жаңа Бюджет кодексінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Қолданыстағы кодекс мазмұны және артық нормаларды алып тастау жағынан толығымен қайта жасалды. Жалпы, жаңа Бюджет кодексінің басты міндеті – мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін кеңейту және бюджет процесін жеңілдету.

Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелері Салық және Бюджет кодекстерін және басқа да маңызды құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс топтарына белсенді қатысуға ниет білдірді. Сондай-ақ, ҚК мүшесі Елена Тюрейкина Қоғамдық кеңес отырысын айына бір рет өткізуді ұсынды. Ә.Қуантыров қатысушылардың ұсыныстарын қолдады.

Сонымен қатар, Президенттік жастар кадрлық резервінің және ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ербол Төлегенов мемлекеттік органдардың Даму жоспарлары нысаналы индикаторларының бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижесі көрсеткіштерімен өзара байланысы, бюджеттің барлық деңгейлеріндегі процестерді цифрландыру және жұртшылыққа арналған бюджет жобасын талдаудың цифрлық құралдарын әзірлеу мәселелерін көтерді. Ұлттық экономика министрі бұл мәселелер жаңа Бюджет кодексінде пысықталып жатқанын атап өтті. Қоғамдық кеңестің басқа мүшелері, соның ішінде Мәрияш Қабыкенова мен Сапар Кошкімбаевтың өтініштері бойынша тұшымды жауап берілді.

  • 06.04.2023
  • 171
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика