• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сенат әкімшілік реформа туралы заң жобаларын қабылдады

Астана. Парламент Сенатының жалпы отырысы. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «ҚР кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын таныстырды.

Вице-министр атап өткендей, заң жобалары мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі орталықсыздандыруға бағытталған.

Аталған заң жобалары өкілеттіктерді ажыратудың мынадай қағидаттарының негізінде дайындалған:

Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен  халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнінде;

орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде;

жергілікті атқарушы органдардың облыстық деңгейінен аудандық деңгейге халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жөнінде өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша;

«Конституциялық заң жобасында Премьер-Министр Кеңсесінің Үкімет Аппаратына трансформациялануы, мемлекет Туы мен Елтаңбасының эталондарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Үкіметтің инвестициялық саясат, мәдениет, білім және т.б салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі құзыретін алып тастау мәселелері қарастырылған», - деді ол.

Екінші заң жобасы 164 заңнамалық актіге, оның ішінде 14 кодекс пен 150 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

«Жалпы, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында 494 функцияны қайта бөлу жоспарлануда.  Бұл ретте Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдарға 471 функция беріледі. 21 функция орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беріледі.  Министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінді», - деп нақтылады Б.Омарбеков.

Сонымен қатар, Президенттің бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында 231 функция алынып тасталды. Бұл ретте, қайталынатын және құқықтық жүктемесi жоқ Үкіметтің 132 функциясы, Парламенттің 3 функциясы алып тасталады.

Заң жобаларын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадам болатынын атап өткен жөн. Бұл, белгілі бір саланы дамытуға Үкімет қана емес, орталық мемлекеттік органның нақты басшылығы да жауапты болатын, басқарудың оңтайлы және тиімді құрылымын қалыптастыруға әкеледі.

  • 06.04.2023
  • 162
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика