• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Астана. Үкімет отырысы. ҚР ҰЭМ-ге бекітілген іс-шаралар туралы Әлібек Қуантыров айтып берді.

«Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуында нақты міндеттер қойды. Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті», - деді ұлттық экономика министрінің м.а.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленетін болады.

Оның негізгі бағыттары:

шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық, қаржылық емес түрде қолдау шараларын ұсыну

өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кедергілерді жою

мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату

шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көздерін кеңейту

«Барлық қойылған міндеттер жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылатын болады. Жаңа тәсілдер түсінікті және болжамды салық саясатын қалыптастыруға бағытталады», - деп атап өтті ол.

салықтық әкімшілендіруді оңайлату және цифрландыру шаралары қабылданады

саланың басымдығы мен рентабельділігіне қарай қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы ставкаларын саралау мәселесі пысықталатын болады

Жаңа Бюджет кодексі:

Экономикалық зерттеулер институтында орталық және жергілікті мем.органдар мен сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен тиісті Жұмыс тобының жұмысы жалғасуда

Түсініктемелер мен ұсыныстар алу үшін Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты «Ашық НҚА» порталында орналастырылды

«Аталған құжат Мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманың ережелеріне негізделіп, Ұлттық қор қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі іс-шаралар кешенін айқындайды. Бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру есебінен енгізілетін жаңартулар салық-бюджет саясатының берік іргетасын құруға бағытталатын болады», - деді Ә.Қуантыров

Тарифті инвестицияларға айырбастау:

Электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге көзделген жұмыс басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді

Инженерлік 146 мыңнан астам шақырым желіге жөндеу жүргізу қажет

Тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды

Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды

«Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады», - деді ұлттық экономика министрінің м.а.

Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік әділ құнын белгілеуге ықпал етеді.

Өңірлік даму:

Елімізде 65 ауданда 1,7 млн. халқы тұратын барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар

«Ауыл – ел бесігі» шеңберінде 2023 жылға 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарлануда

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 ж.ж. арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді

«Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген. Бұдан басқа, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту көзделген», - деп нақтылады ол.

Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру болады

Әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу

Жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру

ервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру

Техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету

  • 06.04.2023
  • 210
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика