• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда суға түсу маусымына дайындық және желден ғимарат шатырлары бұзылу жағдайының алдын алу мәселесі талқыланды

6 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.  

Өрттің алдын алу және суға шомылу маусымына дайындық, қатты желдің салдарынан тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың шатыры бұзылуына байланысты туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу мәселелері қаралды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықовтың айтуынша, 2016 жылдан бері өрт қаупі бар кезеңде облыстағы далалық аймақтарда бірде-бір өрт оқиғасы тіркелмеген.

Облыс үшін ең өзекті мәселе – су айдындарындағы адамдардың қауіпсіздігі. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - тыйым салынған жерлерде мас күйінде шомылу, жүзе алмау және балаларды қараусыз қалдыру.

 – Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан суда адамдардың қаза болуы мен жарақат алуы жиілеген. 2022 жылы 11 адам қайтыс болса, оның біреуі - бала. Суға түсуге тыйым салынған 10 жер және 38 рұқсат етілген орын бар.  «Маңғыстау облысы халқының судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Алайда, су объектілерінде азаматтардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде проблемалық мәселелер туындайтынын атап өту қажет. Нақтыласақ, жағажайлардың су айдындарының талаптарға сәйкес келмеуі, суға түсу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі адамдардың суда қаза болуына әкеп соғуы мүмкін.  Егер жағажайлар қауіпсіздік шараларына сай келмеген жағдайда, жаппай демалыс орындарының ашылуына жол бермеу қажет, – деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Айжарықов.

Маңғыстаудың климаттық жағдайына сәйкес өңірде қатты жел мен боран жиі болады.  Сол себепті, желдің екпіні салдарынан тұрғын үй және әлеуметтік нысандар шатырларының ұшуына жол бермеу  – өңір үшін өзекті мәселе.  Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаевтың айтуынша, облыста 2022 жылы төтенше жағдайдың болуына байланысты жергілікті бюджет есебінен 28 нысанның шатыры жөнделді (21 көпқабатты үй, 2 балабақша, 3 мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 әкімшілік ғимараты).

 – Былтыр өңірде қатты желдің салдарынан бірнеше нысанның шатыры қирағанын көрдік. Мектептер мен көпқабатты үйлер зардап шекті. Қатты желдің зардаптарын жою үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне салынып жатқан нысандардың сапасына күнделікті бақылау жүргізуді тапсырамын. Құрылыс сапасы мен оның ашықтығына бақылауды күшейту бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.  Жасыратыны жоқ, бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сапасыз болғандықтан жиі сынға ұшырайды. Бұл нысандарға мердігерлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жеке жауапкершілік алуы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 06.04.2023
  • 199
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика