- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ералы Тоғжанов депутаттарды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Әлішев пен Асқар Садықов, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары, «Ақтөбе» ӘКК және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыста қаралған мәселелердің бірі «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру және іске асыру барысы болды.
Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жобаға 134 ауылдық округ, 6 шағын қала қатысуда, ондағы тұрғындар бүгінгі таңда өсімдік, құс шаруашылығы, жылыжай ісі және т.б. бойынша түрлі жобаларды іске асыруға 714 өтінім берген, 360-тан астам жоба мақұлданды. Орташа алғанда, апта сайын 100-ге жуық жобаға мақұлдау беріледі. Тауарлық несиелеу шарттарымен 135 отбасы 2 мыңға жуық ірі қара мен ұсақ мал алды. Несиелеу шарттары барынша жеңілдетілген. Пайыздық мөлшерлеме небәрі 2,5% құрайды, несиелік демалыстар және несиені тиімді өтеу кестесі қарастырылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында былтырғы жылдан бастап өңірде «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба ауыл-аймақтарды кешенді дамытудың толыққанды тұжырымдамасына айналды, оның аясында жұмыспен қамту ғана емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру деңгейін арттыру, денсаулық сақтау, ауылдық елдімекендерді абаттандыру мәселелері қарастырылған. Тұжырымдаманың түпкі мақсаты – ауылды сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және ауылдан көшу үдерісін азайту», - деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Депутаттар жоба бойынша қосымша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Қазыбек Әлішев жеңілдетілген несиеге үміткердің 16 түрлі құжат тапсыру қажет екенін атап өтті.
«Тізімді қысқартудың қажеттілігі мен мүмкіндігі болуы мүмкін бе?»,- деп Мәжіліс депутаты мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрау салды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері құжаттардың көпшілігін egov.kz сайтынан қиындықсыз алуға болатынын айтты. Сондай-ақ, ауылдық округтердегі мамандар құжаттарды жинауға, бизнес-жоспар әзірлеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, жоба қатысушылары өздері таңдаған бағыт бойынша кәсіпті жүргізуді үйренеді. Мұндай мүмкіндік дайын өнімді нарыққа шығарғанға дейін жалғасады.
Өндіріледі деп жоспарланған өнімнің сапасын бақылау, өсірілген көкөністерді сату, қайта өңдеуді жолға қою, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы отырыста мәселелер айтылды.
«Егер осы жобаға қатысты ұсыныстарыңыз болса, біз оларды тыңдауға дайынбыз, диалогқа ашықпыз. «Ауыл аманаты» жобасының ерекшелігі – ол бюджет есебінен ғана емес, демеушілік қаражат есебінен де іске асырылады. Мен барша депутаттарды бізбен бірге халықтың игілігі үшін жобаны іске асыруға қатысуға шақырамын. Ауылдарды сақтау және жақсартуға біз жүйелі түрде тығыз жұмыс істеуіміз керек. Отырысқа аудандық мәслихаттардың төрағалары, бірмандатты округтер бойынша аудандардан сайланған депутаттар қатысып отыр. Сіздерге сайлаушылардың проблемалары, сенімі мен үміті жүк болып артылды. Сондықтан «Ауыл аманаты» жобасымен барлық, тіпті ең шалғай ауылдарды қамту үшін жәрдемдесуге шақырамын. Бұл тұрмысты жақсарту, табыс деңгейін арттыру, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні анық», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Отырыс соңында облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға қатысу үшін облыстық мәслихат депутаттары аудандарға бекітілетінін және бұл жұмысқа аудандық мәслихат депутаттары да қосылатынына сенім білдірді.
- 10.04.2023
- 144