- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 13-18 сәүір аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,44м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,89м-ден 28,86м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,90м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,63м-ден 29,34м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 06-12 сәүір аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,54м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,94м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,86 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,87м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,73м-ге, ең төменгі мәні минус 29,33м-ге сәйкес келді.
- 14.04.2023
- 111