- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды – Саран – Шахтинск жолын күрделі жөндеу биыл басталады
Жұмыс сапарымен Шахтинск және Шаханда болдым.
Мұнда 1964 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шахтинск ЖЭО-ның негізгі жабдықтарын жөндеудің үлкен көлемі жоспарланған.
Шаханда бастамашыл топпен кездесіп, кенттің мәселелері мен даму перспективаларын талқыладық. Тұрғындардың өтініші бойынша мұнда емхана жөнделуде, сондай-ақ жақын арада Қарағанды-Саран-Шахтинск жолын үш жылдық жөндеу жұмыстары басталады.
Шахтинск тұрғындарымен кездесіп, ТКШ, жолдардың жай-күйі, моноқаланы абаттандыру мәселелерін талқыладық.
Барлық өтініштер бойынша нақты жоспар жасалып, оның орындалуын өзім қадағалайтын боламын.
- 15.04.2023
- 175