- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің қатысуымен фермерлермен агрокеңесті өткіздік
Отырыс барысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық пен шаруалардың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, «Шахтёрское» ЖШС-де болып, оның басшысы Георгий Прокоп озық агротехнологияларды енгізу және туған ауылы Шахтерское елді-мекенін дамыту жұмыстары жайлы айтты. Бүгінгі таңда бұл біздің облыстағы серіктестіктің өз қызметкерлері мен олардың отбасылары алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті танытудың жарқын бір мысалы. Шахтерское ауылы біздің облыстағы үздік ауылдардың бірі.
Биылғы жоспарларға келетін болсақ. Егіс алқабы 43,7 мың гектарға ұлғайтылып, 1 105,5 мың гектарды құрайды.
Жұмысқа 9,5 мыңнан астам трактор, 248 егіс кешені және 4774 сепкіш әзірленуде.
Бюджеттен жоғары дәрежелі тұқымдарды, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алуға 3,5 млрд теңгеден астам субсидия бөлініп, 20,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны дайындалды.
Көктемгі дала жұмыстарының сапалы және уақытылы өтуі үшін тиісті шаралардың барлығы жасалады.
- 15.04.2023
- 188