• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

14 сәуірде Ақтауда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сессияда мына мәселелер қаралды:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/175 «2023-2025 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/212 «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/183 «Маңғыстау облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 9/189 «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова биылғы нақтылауды ескере отырып, облыстық бюджет - 445 млрд теңге, оның ішінде жергілікті бюджет көлемі - 350 млрд теңге, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 95 млрд теңге құрағанын атап өтті. 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау Мемлекет басшысы мен Үкімет тапсырмаларын, өңірді дамытудың кешенді жоспарымен бекітілген іс-шараларды орындауға, сондай-ақ басқа да бірқатар маңызды міндеттерді қаржыландыруға бағытталған. Бюджеттік құрылымның негізгі үлесі - әлеуметтік салаға қосымша 16 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2 және 4-сынып оқушыларын толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту және «Жұмыс жасаймын» жобасын іске асыру, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс, әлеуметтік ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, нысандарды ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да шығындар кіреді.

Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақшұқыр, Шетпе ауылдарындағы мектептерге қосымша ғимарат, Сайөтес, Дәулет ауылдарында 400 орындық кітапханасы бар клуб салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылындағы бастауыш мектепке қосымша ғимарат салу, Бейнеу ауылында 200 орындық жатақханасы бар колледж құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

Экономиканың нақты секторын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 12,5 млрд.теңге, республикалық бюджеттен 37,5 млрд.теңге бөлінді. Олар «МАЭК» аумағында өнімділігі тәулігіне 24 мың текше метр су тұщыту қондырғысы құрылысы, Құйылыс кен орнынан Каспий су тұщыту зауытына дейін су құбырын реконструкциялау, аудандар мен Ақтау қаласының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4-ші желісін салу жұмыстарының бастамасына, Ақтау қаласындағы 3 шағынауданында жылу желілерін қайта құрылымдауға, Каспий тұщыту зауытына мембраналарды сатып алуға, Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласының су құбырларының жөндеу жұмыстарына, Бейнеу (Сам, Ноғайты, Тұрыш) және Түпқараған аудандарында (Қызылөзен) орталықтандырылған сумен жабдықтау желілерін салуға, Маңғыстау ауданында (Боздақ, 15 станция, Қияқты, Тиген, Тасмұрын) су тұщыту қондырғыларын орнатуға, Түпқараған, Маңғыстау аудандарының және Ақтау қаласының коммуналдық кәсіпорындарына су тасымалдайтын арнайы техника сатып алуға, Маңғыстау, Қарақия аудандарының автомобиль жолдарын құрылысын және Ақтау қаласының Шығыс 2, 3 шағынауданындағы қалаішілік жолдарының құрылысын аяқтауға және тағы басқа жобаларға бағытталды.

Бұдан бөлек, 90 автобус сатып алу, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 300 пәтер сатып алу, жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін Отбасы банкпен бірлесіп, «Маңғыстау жастары» бағдарламасын іске қосу, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Даму» қорымен бірлесіп, өңірлік «MANGYSTAU BUSINESS» бағдарламасын іске қосу, «Ауыл аманаты» жобасын орындау және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы жаңадан қабылданған заң талаптарын іске асыру жоспарланды.

Нұрлан Ноғаев бюджет шығыстарының басым бөлігі өңірді сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды мәселелерді шешуге бағытталатынын атап өтті.

 – Бюджетті нақтылау мәселелеріне қолдау білдірген депутаттарға өз атымнан және облыс әкімдігіндегі әріптестерімнің атынан алғыс айтамын.  Кешегі комиссия отырысында баяндалып, талқыланып, бөлінген қаржы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тұрақтылығына тікелей әсер етуде. Бұл қаражат тиімді мақсатта жұмсалса, үлкен өзгерістердің куәсі боламыз. Президенттің тікелей қолдауымен өңірдегі өзекті ауыз су мәселесін шешуге, инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 17.04.2023
  • 164
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика