• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында жол-жөндеу жұмыстарының сапасына тиісті бақылау жүргізіледі

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиын барысында жол-жөндеу жұмыстары маусымының басталуына дайындық, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуына қатысты мәселелер қаралды.

Отырыста өңір басшысы 14-17 сәуір аралығында қатты желдің салдарынан электр желілерінің апаттық ажыратылуы орын алған облыстың елді мекендеріндегі қалпына келтіру жұмыстарының ағымдағы жағдайына тоқталды. Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды. Бүгінгі күні электр қуаты толығымен қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Биылғы жылы өңірде 800 шақырым автожолдарды жөндеу және салу жоспарлануда. Барлығы 96 мың тонна битум қажет, қазір қоймаларда 13,6 мың тоннасы бар.

«Битумның қажетті көлемін жеткізу көздерін дәл анықтау қажет. Құрылыс маусымында материал тапшылығына жол берілмеуі тиіс. Облыс орталығында жұмыстарды шұғыл арада бастау керек. Жолдардың жай-күйі азаматтардың ашуын туғызуда. Облыс орталығындағы жағдайды шешу үшін нақты шаралар қабылдап, материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасын қатаң бақылау қажет. Нормалар мен стандарттарды сақтамаған орындаушылар жауап береді», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Мердігерлік ұйымдар 2022 жылы жіберген барлық кемшіліктерді жойып, шұңқырларды бітеу мақсатында жолдарда ағымдағы жөндеуді жеделдету тапсырылды.

2023 жылы Ақтөбеде жолдарды жөндеу және салу бойынша 29 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның 16-сы – жаңа, 13-і – өткен жылдың ауыспалы жобалары. Мәселен, Ә.Молдағұлова даңғылы, Есет батыр және Сәтбаев көшелеріндегі жолдарды жөндеу, Тәуелсіздік көшесіндегі жолдарды қайта жаңарту және т.б. жобалар жалғасын табады.

Отырыс барысында облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы аптада аудандарға үлкен ақпараттық-түсіндіру тобы жол тартады, оның құрамына өңірдің барлық мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді. Мақсат – жоба туралы ақпаратты әр үйге, әр отбасыға жеткізу.

Бүгінгі таңда жоба аясында жеңілдетілген несиелер алуға облыс тұрғындары 816 өтінім берген, оның 563-і мақұлданды.

Күн тәртібінен тыс Ақтөбе қаласын санитарлық тазарту және абаттандыру мәселесі қаралды. Қала басшылығына қоқысты шығару мәселесін қысқа мерзімде шешу, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың іргелес жатқан және өздеріне тиесілі аумақтарды тазалауын бақылауды күшейту тапсырылды. Тазалықты бұзғандардың жауапкершілігі мүмкіндігінше қатаң болуы керек.

  • 17.04.2023
  • 179
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика