• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысындағы қоғамдық орындарда 3000 бейнебақылау камерасы орнатылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және терроризмге қарсы комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Отырыс жұмысына құқық қорғау, арнайы органдардың, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, жоғары оқу орындарының, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, аудан әкімдері қатысты.

Өрт қауіпті кезеңі және суға шомылу маусымына дайындық, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқа да мәселелер қаралды.

ТЖД бастығының орынбасары Асқар Төлешев өз баяндамасында жыл басынан бері облыс аумағында дала және орман өрттері фактілері тіркелгенін атап өтті.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту, өрттердің алдын алу және жою жөніндегі бұрын бекітілген жоспардың 2023 жылға арналған нұсқасында көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуына ерекше назар аудару  керектігі тапсырылды. Айта кетейік, ағымдағы жылы өңірде 320 өртке қарсы ерікті құралым құрылды, олар дала өрттерінің алдын алуға және сөндіруге тартылады.

Өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша кезең-кезеңмен жоспарды іске асыру жалғасуда. Қазір 40 бекет жұмыс істейді, соның арқасында дала өрттерінің саны азайды.

«Орман және дала өрттерінің алдын алу, судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдеріне барлық өртке қарсы жабдықтарды тексеру және тиісті жағдайға келтіруді, сондай-ақ коммуналдық жағажайларды құтқару жабдықтарымен қамтамасыз етуді тапсырамын. Шомылуға тыйым салынған жерлерде де жазатайым оқиғалардың алдын алу қатысты нақты шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Облыс аумағында тіркелген көлік құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Былтырдың өзінде автомобильдер саны 6,5 мың бірлікке өскен. Бұл ретте өткен жылдың қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу саны 12%-ға төмендеді. Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев жүргізушілердің тәртібін жақсартуға жолдардағы бейнекамералар, оның ішінде «Сергек» камералары санының артуы және рейдтік іс-шаралар өткізу ықпал еткенін баяндады.

Жол апаттарын азайту міндеті өзекті болып қала береді. Өңір басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударуды тапсырды. Ералы Тоғжанов жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін берілетін айыппұлмен бұл мәселені шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Жол қозғалысына қатысушыларға жағдай жасау, жол инфрақұрылымын жетілдіру қажет. Апат деңгейі жоғары учаскелерде қосымша қауіпсіздік шараларын іске асыру, жолдарды жөндеу жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ тозбайтын, төзімді жаңа материалдармен жол таңбаларын салу мәселесін қарастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, елді мекендердің көшелерінде, саябақтарында, скверлерінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Осы мақсатта ағымдағы жылы 3 000 бейнебақылау камерасы орнатылады. Олардың көпшілігі – Ақтөбеде.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 19.04.2023
  • 149
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика