• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда кәсіпкерлік бастамалар байқауының жеңімпаздары бизнес ашу және дамыту үшін қолдау алады

Маңғыстауда 21 бен 35 жас аралығындағы жастардан кәсіпкерлік бастамалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Байқау жеңімпаздары жылдық 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін шағын несиеге ие болады, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Кәсіпкерлік бастамалар байқауына қатысу үшін Аграрлық несие корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалына хабарласып, өтініш беруге болады. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталды және жыл соңына дейін жалғасады.

Қазіргі таңда өтініштер қабылдануда, содан кейін барлық өтінішті
әкімшілік тексеру рәсімі өтеді.  Комиссия өтініштердің түсуіне қарай айына бір рет жүргізіледі.

 – Кәсіпкер бизнесті құруда немесе оны кеңейту туралы ойланғанда, көбінесе қаржы тапшылығына тап болады.  163 адамға қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз.  Оларға жылдық 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін тиімді несиелер ұсынылады.  Бүгінгі таңда үміткерлерден 14 өтініш келіп түсті.  Облыс әкімінің өкімімен бизнес жобаларды іріктеу комиссиясы құрылды.  Тексерілген агент ретінде Аграрлық несие корпорациясы анықталды, – дейді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов.

Бизнестің барлық түрлеріне несие беру мерзімі - 5 жыл.  Тек мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі.  Негізгі шарт – қарыз алушының жасы 21 мен 35 аралығында, міндетті түрде кепіл болуы шарт.  Сонымен қатар, несие алғысы келетіндер жеке кәсіпкер ретінде 5 жылдан аспайтын мерзімге тіркелуі тиіс.
 
Шағын несие алу үшін құжаттар тізімі:
 - Шағын несие алуға өтініш
 - жеке басын куәландыратын құжат
 - несиелік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі
 - Бизнес жоспар
 - қатысушының/өтініш берушінің уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге қою мәмілесін бекіту туралы шешімі.
 - Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі
 - шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар
 - несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар (қарыз болған жағдайда)
 - қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де кірісін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме)
 - Бағалау туралы есеп
 - Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар

Сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласа аласыз:
Аграрлық несие корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы,
29 мкр, 225 ғимарат, БЦ «Сұлтан» бизнес орталығы, 3 қабат.

+77010061318
info-aktau@agrocredit.kz

  • 19.04.2023
  • 200
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика