• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
ҚР ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының Швейцариялық кіші тобының отырысына қатысты

Жиынға Қазақстанның, Швейцарияның, Польшаның, Сербияның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның және Өзбекстанның өкілдері қатысты. Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров өз сөзінде ҚР мен ДБ-ның әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудағы жемісті ынтымақтастығының нәтижелерімен бөлісті. «ҚР Үкіметі мен ДБ-ның 2025 жылға дейінгі Әріптестік туралы негіздемелік стратегиясында белгіленген инклюзивті өсуге жәрдемдесу, адами капиталды нығайту және экономиканы көміртексіздандыру сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттары Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық көзқарасына сәйкес келеді», - деді ол. Министрдің айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік банкпен кешенді жобалар, соның ішінде инновациялық, адами капитал және ғылыми қызметті дамытуға бағытталған серіктестікті нығайтуға толығымен дайын. Сөз соңында ҰЭМ басшысы жиынға қатысушыларды 2023 жылғы 8–9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Сонымен қатар, министр Дүниежүзілік банк президенттігіне кандидат Аджай Бангамен кездесу өткізді. Тараптар ДБ процестерін бюрократиясыздандыру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жеңілдету мәселелерін бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, олар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. «Қазақстан Дүниежүзілік банктің жүйелі институционалдық мәселелерді шешуде қажетті  технологияларды, тәжірибе алмасуды және басқа да реформаларды қолдау жөніндегі бастамаларын құптайды», - деді Ә.Қуантыров. Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк экономиканы әртараптандыру және тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында өзара іс-қимылдың жаңа құралдарын, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерімен таныстырды.

  • 20.04.2023
  • 173
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика