- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 20-25 сәүір аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,41м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,86м-ден 28,89м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,88м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,63м-ден 29,35м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 13-19 сәүір аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,52м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,80м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,89 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,86м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,67м-ге, ең төменгі мәні минус 29,36м-ге сәйкес келді.
- 21.04.2023
- 119