- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысы әкімінің Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарына жұмыс сапары
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарына жұмыс сапарымен барып, кәсіпорындарды, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық нысандарды аралап көрді.
Ағымдағы жылы Жарқайың ауданының Уәлиханов ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 82 млн.теңгеге мәдениет үйінің ғимараты жөнделді.
Бұл ауылдағы мектеп 1986 жылы салынған. Ғимарат жақсы жағдайда, алайда шатыр проблемасы бар. Облыс әкімінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама аяқталған соң, облыстық бюджеттен шатырды жөндеуге қаражат бөлінетін болады.
Ағымдағы жылы Державинск қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Н.Крупская атындағы орта мектебінде 300 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Ермек Маржықпаев Державинск қаласының "Молодежный" шағынауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қалпына келтірілген 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыстады. Жобаның құны 265 млн.теңгені құрайды. Пәтерлерді жетім балалар, жас мамандар, көп балалы отбасылар мен мүгедектер алды.
Өңір басшысы отбасыларды айтулы оқиғамен құттықтай отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
"Біздің облыс тұрғын үй бағдарламалары бойынша белсенді жұмыс істеуде. "Нұрлы жер" бағдарламасы іске асырыла бастаған үш жыл ішінде 1,5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Пәтер мәселесін 13 мың ақмолалық отбасы шешті", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Ағымдағы жылы Державинскіде тазарту қондырғылары бар кәріздік сорғы станциясы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің жартысы орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған. Жобаның құны 2 млрд.теңгеден астам.
Есіл қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында №1 және №2 мектептері жөнделді.
Есіл қаласында облыс әкімі "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Мердігер ұйым "Гранит-Сервис Компаниясы" ЖШС болып табылады. Өңір басшысы құрылыс кезінде жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етті.
Облыс әкімі ағымдағы жылы жөнделген орталық аудандық кітапхана ғимаратында болды. Қуаттылығы сағатына 2,5 тонна құрама жем болатын "Pay Агро" ЖШС құрама жем зауытының құрылыс барысымен танысты. Кәсіпорын іске қосуға дайын.
Жақсы ауданында Ермек Маржықпаев "Агрофирма ТҰК" ЖШС компаниялар тобына кіретін "Новокиенка"ЖШС-да болды. Кәсіпорын Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірумен және сатумен, қазақтың ақбас тұқымды ірі қара мал басын өсірумен, бұқашықтарды бордақылаумен айналысады.
Кәсіпорын басшысы Бейбітжан Молдахановтың айтуынша, бордақылау алаңының жалпы қуаттылығы 3000 басты құрайды, қазіргі уақытта ол 100% - ға жуық толтырылған.
Жақсы ауданында ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет есебінен алты мектеп, оның ішінде Новокиенка және Белағаш ОМ жөнделді.
Облыс әкімі аудандық аурухананың бос тұрған ғимараттарының бірін жеке кіреберістері бар сегіз жайлы пәтері бар дәрігерлер үйіне ауыстыру идеясын мақұлдады. Қайта құруға 106 млн. теңге бөлінді. Пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі "TNK агрофирмасының" өз қаражаты есебінен салынған 27 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Қызметтік пәтерлер тар шеберлі мамандарға арналған.
- 06.12.2020
- 328