• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«БІЗДІҢ АСПАН» алғашқы өңіраралық форумы

2023 жылғы 21 сәуірде Өскемен қаласында экологиялық бастамалардың «БІЗДІҢ АСПАН» атты алғашқы өңіраралық форумы өтті. Форум бизнес өкілдері, билік, сарапшылар мен экологиялық белсенділер арасында тікелей диалог жүргізу алаңын қамтамасыз етті. Іс-шарада халықаралық және отандық сарапшылардың экологиялық практикасы таныстырылды. Форумға  ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Қазгидромет» РМК өкілдері және экологиялық белсенділер қатысты. Оны ұйымдастырушы – «ECOJER» қазақстандық қауымдастығы.  

Форумның «Атмосфералық ауа сапасына қатысты қандай проблемалар бар?»  атты блогында «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева баяндама жасады. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшысы өз сөзінде Өскемен қаласында атмосфералық ауаның сапасына мониторинг қалай жүргізіліп жатқандығы, 2007-2022 жылдара аралығындағы ауаның ластану индексі туралы айтып, соңғы үш жылдағы ауадағы шекті жол берілетін концентрацияның арту мөлшеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

2020 жылы 3222 жағдай, 2021 жылы 3984 жағдай орын алып, 2022 жылы
16 983 жағдай тіркелген! Ауаның жоғары деңгейде ластануы
«Қазгидромет» РМК аспаптарының көрсеткіштерімен ғана емес, сонымен қатар қала азаматтарының дәлелдемесімен расталады – деді Д.Әлімбаева.

Сонымен қатар Данара Әлімбаева 1973-2022 жылдар аралығындағы кезеңде жел жылдамдығының өзгеру тенденцияларын және ұзақ уақыт бойы желсіз ауа-райының орын алуы атмосфераның беткі қабаттарында химиялық заттардың жиналуына, ластаушы заттардың әлсіреуіне кедергі келтіретін тұмшаның пайда болуына қолайлы жағдай тудыратындығын атап өтті.

Д.Әлімбаева өз баяндамасында орташа есеппен алғанда Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алатын ең көп күндер қаңтардан бастап наурызды қоса алған және қыркүйектен бастап желтоқсанды қоса алған аралықта байқалатындығын атап өтті.

Өз сөзін қорытындылай келе, Д. Әлімбаева қазіргі уақытта Қазақстанның қалалары мен елді мекендері ауа сапасының мониторингімен қамтылғандығын және ауа сапасы мемлекеттік және жеке желінің 300 датчигінің/бекетінің  көмегімен өлшенетіндігін, алайда шығарындыларды рұқсат ету лимитін қайта қарамайынша тұмшаның қалаларды одан әрі баса беретіндігін айтты.

Алайда, рұқсаттама беру жүйесіне және эмиссия нормативтерін айқындау тәртібіне реформа жүргізбестен, ауа сапасының мониторингін біржақты жетілдіру ауаның ластану деңгейін төмендетуде нәтиже бермейді.

  • 21.04.2023
  • 192
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика