• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«MAŃǴYSTAÝ» ТЕЛЕАРНАСЫ 50 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Бүгін Ақтауда "MAŃǴYSTAÝ" телеарнасының 50 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, телеарна ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Мереке телеарна қызметкерлерінің құрметіне қойылған ескерткіштің ашылу салтанатынан басталды. Бұл мемориал арна қызметкерлерінің ауыр еңбегін бейнелейді. Олардың таланты мен кәсіби біліктілігі аймақтың саяси, экономикалық және мәдени өмірін объективті түрде көрсетуге, қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі.
«Маңғыстау» телеарнасы - осы күнге дейін облыста мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асырып келе жатқан бірден-бір электронды медиаресурс. Тұрғындар тарапынан туындайтын мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға тиісінше жеткізеді.
С. Трұмов телеарна ардагерлерімен кездесті. Олардың ішінде: Жоламан Бошалақ, Қожа – Ахмет Демеуберген, Есберген Іңірбайұлы, Ағлен Таласбаева, Меруерт Сисекенова және басқалары бар. Олар бүгінгі медия саласының мамандарына бар білгендерін үйретіп, телеарна тарихына өлшеусіз үлес қосты.
"MAŃǴYSTAÝ" телеарнасының мерейтойына арналған мерекелік шара өңірде түсірілген алғашқы "Тұмар" телесериалының, сондай-ақ ауқымды "Мың бояулы Маңғыстау" экспедициялық жобасының тұсаукесерімен жалғасты. Облыс әкімі құттықтау сөзінде телеарна әрбір азаматтың өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Телевизия бұл - идеология құралы. Әсіресе, тәуелсіздік алған 30 жылдан бері отандық бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған еңбегі орасан. Әсіресе қазіргідей жаһандану кезінде ұлттық өнерді дәріптеп, руханиятты насихаттап, әдебиет пен мәдениетті дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Ауылдағы қарапайым еңбек адамын насихаттап жүрген де журналистер. Шалғайдағы ағайынның тұрмыс-тірлішігін көрсетіп, бұқараның мұң-мұқтажын билікке жеткізудегі тілшілердің табандылығын айтпасқа болмайды.
«Айтылған сөз – атылған оқ». Бұл тілші қауымының жауапкершілігін, қоғам алдындағы міндетін көрсетеді. Қазіргідей алмағайып уақытта журналистердің алдында шынайы әрі нақты ақпарат таратудан бөлек, елді бірлікке, қоғамды ізгілікке шақырып, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолында еңбек ету миссиясы тұр»-деді облыс әкімі.
Телеарнаның бірқатар қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Тұмар» сериалының түсірілім тобының еңбегі атап өтілді. "MAŃǴYSTAÝ" телеарнасының 50 жылдығына орай шығарылған естелік төсбелгімен арнаның барлық ардагерлері, оның ішінде телерадио хабарларын таратудың үздігі, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі Жоламан Бошалақ марапатталды.

  • 06.12.2020
  • 349
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика