- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Орталық Азия – Қытай форматындағы алғашқы кездесу
2023 жылғы 21 сәуірде Қытай тарапының бастамасымен «Орталық Азия – Қытай» форматында кеден қызметтері басшыларының бірінші кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өткізу пункттерінде шекаралық өзара іс-қимылдың жұмыс механизмін құру және кедендік ресімдеу рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ осы тетік аясындағы ынтымақтастықтың әртүрлі жолдарын талқылады, мысалы: «Бір терезе» жобасы бойынша ынтымақтастық, «Зияткерлік кеден ісін» дамыту бойынша тәжірибе алмасу, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін өзара тану және кедендік құқық бұзушылықпен күресте ынтымақтастық механизмін құру бойынша ынтымақтастық.
- 25.04.2023
- 173