• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ жолдағы қауіпсіздік шараларын талқылады

ІІМ жолдағы қауіпсіздік шараларын талқылады

ІІМ-де қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасында қаралған жол-көлік оқиғалары салдарының зардабын төмендету стратегиясының тетіктері қаралды.

Пікіртасласқа қатысушылар мемлекеттік органдар, “Қазавтожол” АҚ, “Атамекен” ҰКП және Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ҒЗИ өкілдері жолдарда “нөлдік өлім-жітім” қағидатын іске асыру және жол-көлік оқғаларының негізгі себептеріне ықпалын тигізетін шешімдерді талқылады.

Жол-көлік оқиғасында жарақат мәселесі сан қырлы және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне байланысты екені атап өтілді. Сондықтан азаматтық сектор әлемнің 60 елін қамтитын ESRA (E-Survey of road Users’ Attitudes) халықаралық әлеуметтік сұрақтар бағдарламасы негізінде қауіпсіз  қозғалыс зерттеулерін жүргізуге бастамашылық жасайды, бұл жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын түзетуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Жезқазған қаласындағы пилоттық жоба шеңберінде жүргізілген сауалнама өңірде жылдамдықты асыру шегі әлемдік деңгейден 2,6 есе жоғары, бекітілмеген белдікпен жүргізу қаупі 8,5%-ға жоғары екендігі анықталды. Сондай-ақ ұялы телефондарды пайдалану және жаяу жүргіншілердің қауіпті әрекеттерінің деңгейі де жоғары.

Кездесуде қала сыртындағы және түзу жол учаскелерінде “орташа жылдамдық” ұғымын енгізу бойынша бастамалар қолдау тапты. Сол үшін тұжырымдамада цифрлық шешімдерді дамыту – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу жүйелерін және осындай бұзушылықтарды анықтайтын арнайы аппараттық-бағдарламалық кешендерді кеңінен енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ халықаралық тәжірибе негізінде автожолдарды жобалау мен реконструкциялау тәсілдерін өзгерту жоспарланған. Осы мақсатқа сай аналитиканы енгізу және “Vision Zero” сияқты арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар “ҚазАвтоЖол” АҚ өкілдері әлемнің 18 елінде жүзеге асырылып жатқан мектептер маңындағы жол қауіпсіздігі халықаралық бағдарламасының “Star Rating for Schools” жобасын сынақтан өткізуді ұсынды. Бұл жобамектептер жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің кешенді жүйесін педагогтар мен оқушылардың өздерін белсенді тарта отырып құруды көздейді. Тұжырымдамаға ТЖМ-мен бірлесіп қала сыртындағы трассаларда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету жөніндегі шаралар енгізілген. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Финляндияның тәжірибесін де қарастырды. Бұл елдің тәжірибесінде жүргізуші куәлігі 2 жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтихандардан өткеннен кейін беріледі. Қазір елімізде осындай тәжірибені енгізу дұрыстығы мен мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді азайту жөніндегі осы және басқа да шаралар Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделетін болады.

 

 

  • 25.04.2023
  • 181
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика