• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысы: 2023 жылдың соңына дейін ауыл халқының 98,5%-ы мобильді интернетпен қамтылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру, инфляция деңгейін төмендету және Ақтөбе қаласын абаттандыру мәселелері қаралды.

Цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, бүгінде облыстағы 213 ауылда мобильді интернет қолжетімді. Жыл соңына дейін қамту деңгейі 280 ауылға көбейеді немесе ауыл халқының 98,5%-ын құрамақ. 100 адамнан аз тұрғыны бар елді мекендерді мобильді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті. Облыс әкімі оларды қосуға қатысты барлық техникалық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Ералы Тоғжанов Ақтөбенің өзінде байланыс пен мобильді интернет, сондай-ақ жеке сектордағы үй интернетінің сапасына қатысты проблемалар бар екенін атап өтті. Бұл мәселені Цифрлық технологиялар басқармасына байланыс операторларымен бірлесіп шешу жөнінде нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.  

«Сапаны жақсарту жұмыстарына проблемалары бар барлық учаскелер қамтылуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Жиын барысында өңір басшысы уәкілетті органдардың алдына тауарлар мен қызметтердің құнын тиімді баға реттеу, инфляцияны төмендету жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру, оның ішінде делдалдық схемаларды жою, көкөніс қоймаларын, жылыжайлар мен сүт-тауар фермаларын құру міндетін қойды.

Бағаны тұрақтандырудың басты шарасы – «Ауыл аманаты» жобасын негізге ала отырып, өндіріс көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» бойынша 624 жоба мақұлданған. Оның ішінде құс шаруашылығы бойынша 309 жоба бар. Қаржы басқармасының дерегінше, бұл жергілікті құс етімен қамту көрсеткішін қазіргі 5,4%-дан 10,5% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.  Жыл соңына дейін қамтамасыз ету деңгейі  2,9 есеге, яғни 15,6%-ға дейін көбеймек. Сондай-ақ, жоба аясында ауданы 1,5 гектар 55 жылыжай пайдалануға беріледі, жергілікті өндірілген көкөністермен қамтамасыз ету жағдайы жақсарады.

Облыс орталығын абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелері аясында кемшіліктерді жоюды жеделдету, жолдардағы құдықтарды көтеруге қатысты жүйелі шаралар қабылдау, жұмыстардың нақты көлемі мен мерзімдерін көрсете отырып, әрбір жол жобасының Жол картасын бекіту тапсырылды.

«Қаладағы жол белгілері, жиектастар, белгілердің жағдайы көңіл көншітпейді. Ауа-райына төзімді заманауи материалдар бар. Оларды қолдану мүмкіндігін толыққанды зерделеу керек», - деп тапсырды Ералы Тоғжанов.

Өңір басшысы көгалдандыру маусымының басталуына байланысты қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын күшейтіп,  жауапты  ұйымдарға ерекше бақылау жүргізілу керектігін атап өтті. Шаһардағы қоқыс алаңдарын ретке келтіру, ескірген қоқыс контейнерлерін жаңалау және ауыстыру тапсырылды.

  • 26.04.2023
  • 136
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика